Бөрлі ауданы әкімінің аппараты Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Аралтал ауылында орналасқан ұзындығы 4,910 км "Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерін талшықты – оптикалық байланыс желілері бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жобасы бойынша мүдделі жұртшылықтың ашық жиналысы нысанында қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы аудан тұрғындарына хабарлайды.

Қоғамдық тыңдау 2017 жылдың 28 қазанында сағат 10-да мына мекен-жайда өтеді: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі, 99.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты жергілікті атқарушы орган-Бөрлі ауданының әкімдігі, БҚО, тел.: 8 (71133) 20-475

Тапсырыс беруші - "SilkNetCom"ЖШС. Жобалық құжаттаманы әзірлеуші - "Сарыарқа Сәулет" ЖШС, жобалық материалдарды сұрату, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық пошта мекенжайы — almira_vm@mail.ru Анықтама тел.8-705-183-12-12.