Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің (57 бап) талаптарына сәйкес «Гидрогеологическая проектно-производственная компания «PHREAR» ЖШС «Батыс Қазақстан облысының Бөрлі  ауданы Ақсай кен орнының жер асты суының қорын қайта бағалау мақсатында барлауға дейінгі жұмыстары» нысаны бойынша жобалық – сметалық құжаттамасын дайындау» жобасы бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдау өткізу жөнінде хабарлайды.

Кейінгіде жоба қоршаған ортаға әсер ету бағасымен бірге Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына мемлекеттік экологиялық сараптауға жіберіледі.

Тапсырыс беруші: Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Бас жобалаушы: «Гидрогеологическая проектно-производственная компания «PHREAR» ЖШС, Алматы қ, Ақсай -4 шағынауданы  39, 116 тел.: 8 (727) 3288258.

Жобаның құжаттары және мүдделі қоғамның ойын есепке алатын сауалнама парақшалары орналасқан жергілікті атқарушы органның интернет-ресурс мекен-жайы: www.aksai-bko.gov.kz

Қоғам өкілдері жоба материалдарымен таныса алады және өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын төмендегі электронды мекен-жайға жібере алады: viib@mail.ru, тел.: 8 771 701 29 04.

ЖОБА