Сайлау

Құрметті аудан тұрғындары!

Бөрлі ауданы  әкімі аппаратының жанында  CALL-CENTER қызмет етеді, онда әр адам өзінің сайлаушылар тізімінде бар немесе жоқ екендігін  20-3-52 телефоны арқылы 09.00-ден 18.30 - ға дейін анықтап, тексере алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13, 17-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын, орналасқан жерін және шекараларын баяндайды.

            (Аудандық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 12 сәуірдегі №2 шешімі бойынша 2019 жылғы 10 қаңтардағы Бөрлі аудандық мәслихатының № 34-2 шешіміндегі сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы)