Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкіміне

ҮМІТКЕР

 

Аманкелді Нұртілек Қалқаманұлы

 

1995 жылдың 22 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары: 2014 жылы Орал қаржы-экономикалық колледжін бітірген, мамандығы – есеп және аудит, 2018 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан облыстық аграрлық-техникалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Өз қызметін 2014 жылы Атырау облысы Атырау қаласында «Dilnazush» ЖШС-нің металл құрылымы бойынша құрастырушысы ретінде бастаған. 2015 жылы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы қызметінде. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 4 жыл 7 ай. Отбасы жағдайы: үйленбеген.

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің әкіміне үміткер

Аманкелді Нұртілек Қалқаманұлының

 сайлауалды

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

      Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі мақсаттары «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша нақты іс – шаралар өткізу, еліме,  халқыма адал қызмет атқару, өз білімімен, іс тәжірибе, күш жігерімді ауылдың дамуына және ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын  жақсартауына ат салысамын. 

 

·          «Агробизнес 2020», «Сыбага», «Ак булак» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы.

·           Селолық округтің қажетті тұрмыстық қамту мәселелері бойынша ауданның басқа да мемлекеттік органдарымен сапалы да жедел қарым қатынаста болу;

·           Берілетін құзырет шегінде селолық округ аумағында жер қатынастарын білікті түрде реттеу;

·           Селолық округтің аумағында шаруа қожалықтарының ұйымдастырылуына үнемі назар бөлу, жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуына көңіл бөлу және тұрақты жұмыс орындарын ашу;

·           Селолық округтің аумағында тарихи және мәдени мұраны сақтап қалуын ұйымдастыру;

·           Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымдың дамуын жалғастыру;

·           Ауылға жұмыс істеу үшін жас мамандарды тарту, соның ішінде ветеринарлық, педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша білім алғандарды;

·           Қоғамдық көліктің сапалы және үздіксіз қатынасын ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

·           Селолық округтің алдағы дамуы және өркендеуі жолында барлық тұрмысты маңызды сұрақтар бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен (қоғамдық, ардагерлер, жастар және әйелдер кеңестері) тығыз қарым қатынаста болу.

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкіміне

ҮМІТКЕР

 

Ергалиев Марат Бахитжанович

Ергалиев Марат Бахитжанович 1962 жылы 23  қаңтарда  Батыс Қазақстан облысы Бөрлі  ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ.  Білімі жоғары: 1990 жылы  Алматы мал дәрігерлік  институтын  бітірген, мамандығы – ветеринарлық дәрігер. 1999 жылы Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер «Евразия» институты, экономист – менеджер мамандығы бойынша бітірген.

            2015 жылы  ақпан  айынан бастап  Батыс Қазақстан  облысы Бөрлі  ауданының  ветеринария бөлімінің басшысы қызметінде. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі  23 жыл. Отбасы жағдайы: үйленген. Екі баласы  бар.

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал  ауылдық округінің әкіміне үміткер

 Ергалиев Марат Бахитжанович

сайлауалды

БАҒДАРЛАМАСЫ

       Сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаттары «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша нақты іс – шаралар өткізу, еліме,  халқыма адал қызмет атқару, өз білімімен, іс тәжірибе, күш жігерімді ауылдың дамуына және ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын  жақсартауына ат салысамын. 

  • Округтегі көкейтесті  мәселелер бойынша шешімін табу
  • Ауылдың  экономикалық  әлеуметтік  жағдайын  дамыту бағдарламасын  іске асыру
  • Ауылды аббаттандыру (жолдарды жөндеу, санитарлық тазалығын сақтау)
  • «Сыбаға» бағдарламасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
  • Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру.
  • Тұрмысы төмен отбасылырына, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты зейнеткрлерге қайырмдылық бағдарламасын іске асыру
  • Білім, мәдениет, денсаулық салаларынакөңіл бөлу
  • Балалар мен жас өсперімдердің бос уақытын ұйымдастыру, жастар арасында қылмысқа жол бермеу мақсатында  үнемі түрлі мерекелік, спорттық шараларын ұйымдастыру
  • Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау
  • Ауылшаруашлығын дамыту
  • «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында іс-шараларды іске асыру.

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкіміне

ҮМІТКЕР

 

Турабаев Батырхан Талгатович

 

1993 жылдың 24 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары: 2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан облыстық аграрлы-техникалық университетін бітірген, мамандығы – агрономия.

Өз қызметін 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылығы бөлімінен жастар тәжірибесінен өтіп бастаған. 2017 жылы сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін атқарған(негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне). 2017 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың наурыз айына дейін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған(негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне). 2019 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметінде. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 3 жыл. Отбасы жағдайы: үйленген.

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің әкіміне үміткер

Турабаев Батырхан Талгатовичтің

 сайлауалды

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

       

       Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі мақсаттары «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша нақты іс – шаралар өткізу, еліме,  халқыма адал қызмет атқару, өз білімімен, іс тәжірибе, күш жігерімді ауылдың дамуына және ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын  жақсартауына ат салысамын. 

·           Халақаралық ынтымақтастықты нығайтып, достық, мәдениет, салт-дәстүрдің өркендеуін қолдап отыру. Қоғамда «Казақстандық патриотизм» түсінігін нығайту бойынша жанжақты қолдау. Казақстандық патриотизм – бұл, этникалық айырмашылықтарысыз қоғамды біріктіру.

·           Жастар арасында салауытты өмір салтын жүргізуді насихаттап, оның мәдени шараларын ұйымдастыру.

·           Көп балалы аналар мен қарттарға моральді және материалдық көмек көрсетіп отыру.

·           Еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуді дамытуға ықпал ету.

·           Ауылдағы кіші және орта бизнестің дамуына көмек көрсету. Мемлекет оның шаруаларын шешіп, жәрдем бергенін күтпей, әрбір адам өзін бизнесте сынап көруі керек, мемлекетімізде болып жатырған экономикалық өзгерістерге қатысушысы болып сезінуі қажет.

·           Приурал ауылдық округін көгалдандыру, санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуді әрі қарай жалғастырамын.

·           Приурал ауылдық округінің мәселелерін максималды түрде шешу бойынша жоғары тұрған мемлекеттік құрылымдардың алдында дәлелді түрде жұмыстану.