Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы өзінің 2019 жылдың 6 желтоқсандағы №4 қаулысымен Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімін сайлау 2020 жылдың 10 қаңтарына тағайындалып, сайлау аудандық мәдениет үйінде өтетінін хабарлайды.

 

 

 

Бөрлі аудандықаумақтық сайлау комиссиясының құрамы

 

АЖТ

Комиссия құрамы

1

Каналин Жанабай Набиевич

Комиссия төрағасы

2

Махмудов Жанбулат

Комиссия төрағасының орынбасары

3

Сыикова Лаззат Оралбаевна

Комиссия хатшысы

4

Батталова Гульмаржан Шаймуратовна

Комиссия мүшесі

5

Дюсенов Ансар Есиркепович

Комиссия мүшесі

6

Иштаева Айнаш Рыскалиевна

Комиссия мүшесі

7

Мукашева Гульмира Сериковна

Комиссия мүшесі

 

 

БӨРЛІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 6 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ №4 ҚАУЛЫСЫ

 

 Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің мерзімінен бұрын босатылған әкімінің орнына сайлау тағайындау туралы

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                  Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округінің мерзімінен бұрын шығып қалған әкімінің орнына әкім сайлауы 2020 жылдың 10 қаңтарына  тағайындалсын.

2.                  Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округінің мерзімінен бұрын шығып қалған әкімінің орнына әкім сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.                  Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сай жүргізілсін.

4.                  Осы қаулы Бөрлі ауданының әкіміне және Бөрлі аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

5.                  Осы қаулы аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести», «Будни Аксая» газеттерінде жариялансын.

 

                                                                 Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы