Әлиев Санжар Жұматайұлы –

Бөрлі ауданының әкімі  

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2018 жылғы 4 маусымдағы №120-өкімімен Санжар Жұматайұлы Әлиев ротациялау тәртібімен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Санжар Жұматайұлы Әлиев 1978 жылы туған. Білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық Университетін экономист-бухгалтер, 2002 жылы Орталық Азия Университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Бюджетті жоспарлау және қаржы департаменті бас маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, индикативтік және қаржылық жоспарлауды жиынтық талдау және қаржы басқармасының бөлім бастығы.

2002-2012 жылдары Қаржы полициясында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің сарапшысы, инспекторы.

2013 жылғы 18 қарашадан Тасқала ауданының әкімі.

2018 жылдың 04 маусымынан  Бөрлі ауданының әкімі.

Отбасылық жағдайы: үйленген, бес балалы.