Шешімнің жобасы

Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының
солтүстік бөлігі аумағында белгіленген
шектеу іс-шараларын алу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  және 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылғы 5 шілдедегі № 1-13/409 ұсынысы негізінде, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
  2. Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 171 «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 04 мамырда № 4789 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  3. Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы (Л.В.Сиволобова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімінің
міндетін атқарушы                                                                         А.Дарисов