ЖОБА

БӨРЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ

          №_______                                                           2016 ж «_______»____________ 

 

Ақсай қаласында көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген
орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Сауда  қызметін  реттеу  туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгіленсін.
  2. Көшпелі сауда автодүкендерде немесе шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылсын.
  3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бөрлі аудандық   Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) көшпелі  сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарда санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптардың сақталуын бақылау ұсынылсын.
  4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Бөрлі аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) бөлінген орындардан тыс жерлерде саудаға жол берілмеуін бақылау ұсынылсын.
  5. «Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.         
  6. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (А.Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Утегеновке жүктелсін.
  8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

          Аудан әкімі                                                                                                               А. Халелов 

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Бөрлі аудандық Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________ Г. Кереева 
«____» _________________ 2016 жыл

                                          

«КЕЛІСІЛДІ»
«Бөрлі ауданының Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,  
полиция подполковнигі
_______________________ А. Мухамедьяров
«____» ________________ 2016 жыл

                                  

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «_____»________
№_____ қаулысына
қосымша

 

Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындар 

 

Көшпелі сауда орындары

1.

4 ықшам аудан, № 14 үйідің алды

2.

4 ықшам аудан, «Генерал Ғ.Жәңгіров» атындағы қалалық демалыс саябағының алды

3.

4 ықшам аудан, «Еврострой» дүкенінің алды

4.

4 ықшам аудан, «Аян» дүкенінің алды

5.

4 ықшам аудан, «Астана» дүкенінің алды

6.

5 ықшам аудан, «Наурыз» желекжолы алаңы

7.

5 ықшам аудан, «Аян» дүкенінің алды

8.

5 А ықшам аудан, «Бәйтерек» супермаркетінің алды

9.

10 ықшам аудан, №  2 үйдің ауласында

10.

10 ықшам аудан, «Родник» ЖШС фирмасының алды

11.

Дружба Народов көшесі, 5 ықшам аудан, «Квант» сауда үйінің алды

12.

Дружба Народов көшесі, «Бестау» сауда орталығы ғимаратының алды

13.

Дружба Народов көшесі, «Мастер» құрылыс дүкенінің алды

14.

Дружба Народов көшесі, «Эдельвейс» сауда үйінің  алды

15.

Дружба Народов көшесі, «Трнава» сауда үйінің  алды

16.

Дружба Народов көшесі, «Әдемі» сауда үйінің  алды

17.

Дружба Народов көшесі, «Baby Land» ойын-сауық орталығының алды

18.

Дружба Народов көшесі, «Ханшатыр» мейрамханасының  алды

19.

Дружба Народов көшесі, «Жібек жолы» сауда үйінің  алды

20.

Молодежная көшесі,  «Жарсуат» көтерме-бөлшек сауда орталығының алды

21.

Молодежная көшесі, «Авто бекет» ғимаратының алды

22.

Молодежная көшесі, «Восток» дүкенінің  алды

23.

Сырым Датов көшесі , «ХХI век» сауда үйінің алды

24.

Сырым Датов көшесі, «Рахат» сауда павильонының  алды

25.

Советская көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы автобус аялдамасының жаны

26.

Линейная көшесі, «Қазақстан» стансасы теміржол вокзалының алаңы

27.

Южно-объездная көшесі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алды

28.

Ихсанов көшесі, екі жерде

29.

Комсомольская көшесі, «Бәйтерек» супермаркетінің алды

30.

Совет көшесі, «Зеленый» дүкенінің алды

31.

Железнодорожная көшесі, «Рахмет» дүкенінің алды

32.

Ақсай көшесі, аудандық демалу орталығына қарасты клубтың алды

33.

К. Шакенов көшесі, «Ақсай тағамдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алды

34.

Дружба Народов көшесі, № 27 үйдің жанында


Бөрлі ауданы әкімдігінің
«Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген
орындар белгілеу туралы» қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ  ЖАЗБА 

р/с

Жобаны қабылдауды негіздеуде көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші – мемлекеттік органның ақпараты

1

Бөрлі ауданы әкімдігінің қаулысы жобасының атауы

Орал қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

2

Жобаны әзірлеуші –мемлекеттік орган

«Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3

Жобаны қабылдау қажеттілігін негіздеу

 

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8,27-баптары.

4

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері

«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының                    42 бабының, 3 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес, қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

5

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау жағымсыз, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық зардаптарына әкеліп соқтырмайды. 

6

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жоқ

7

Жобада көрсетілген мәселелерді келісу құзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себебі

Жоқ

8

Өзге де актілерді жобаға сәйкестендіру қажеттілігі

Жоқ

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

Бөрлі ауданы 

кәсіпкерлік бөлімінің басшысы                                                                                     С. Егинбаев