БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БӨРЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ

№ 487                                                                                         «08» тамыз 2016 жыл 

Ақсай қаласы 

2016 жылға егіс жұмыстардың
басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2016 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А.Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Каналинге жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 20 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

         Аудан әкімі                                                        А.Халелов

2016 жылдың 13 қыркүйекте №4552 БҚО Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті
2016 жылғы 08 тамыздағы №487                                                                                                                  
Бөрлі ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша   

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік
шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2016 жылға
егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1.

Жаздық бидай

5 мамыр

25 мамыр

2.

Арпа

20 сәуір

5 мамыр

3.

Сұлы

20 сәуір

5 мамыр

4.

Тары

15 мамыр

25 мамыр

5.

Ноқат

1 мамыр

15 мамыр

6.

Күнбағыс

1 мамыр

15 мамыр

7.

Мақсары

5 мамыр

25 мамыр

8.

Күздік қара бидай

5 тамыз

20 тамыз

9.

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек