Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы
бағалау аймақтарының шекараларын
және жер учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес,   Бөрлі   ауданының   мәслихаты      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) шешімнің әділет органдарында  мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау  банкінде және бұқаралық ақпарат  құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Сессия төрағасы                                              В.Ан

         Бөрлі удандық
          мәслихатының  хатшысы                                А.Куликешев             

 

 

 

Бөрлі аудандық мәслихатының
2017 жылғы 13 наурыздағы № 13-
шешіміне 1-қосымша

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы бағалау аймақтары шекараларының сызбанұсқасы

 

 

 

Бөрлі аудандық мәслихатының
2017 жылғы 13 наурыздағы № 13-
шешіміне 2-қосымша

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына
түзету коэффициенттері


Аймақ
нөмірі

жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету
коэффициенттері

Аймақтар атауы

Өндірістік аумақ

1,5

003-өндірістік аймақтың солтүстік-шығысы –бас бөлігінде  солтүстік жағында темір жолдан және қалған бөлігі оңтүстіктегі темір жолдан, 001-солтүстік өндірістік аймақ, өндірістік аймақтың резервті территориясы, 002-өндірістік аймақтың темір жолы     

I

1,2

009, 007, 011, 012,015, 005 бөлігі, 010, бөлігі 019, 018, (оның ішінде нақты жобалау жоспары «Карачаганак-1», «Жаңа қоныс» ықшамауданы, «Көктем» ықшамауданы,  2,3,4,5, 5А.7,9,11,12,13, 10 ықшамаудандары).

II

1,0

004 ,016, 006, 005 бөлігі, ( оның ішінде 1 ықшамауданы) темір жолдың оңтүстігінде, ескі қала бөлігі.

III

 

1,0

001- өндірістік аймақтың қоныстану аумағының бөлігінде
002-  темір жолдан солтүстік бөлігі, ескі қала бөлігі.

IV
  
 

 

1,1

008, 003 бөлігі – оңтүстік жағынан темір жолдан бастап, 010 бөлігі, 019 бөлігі, Телецентр, вахталық қалашық, аудандық орталық поликлиникасы
нақты жобалау жоспары «Строительный-1»,
нақты жобалау жоспары «Строительный -2»,
нақты жобалау жоспары «Строительный -3»,
нақты жобалау жоспары «Строительный -4».

V

0,8

ескі Қызылтал, ескі Аралтал