Әлиев Санжар Жұматайұлы –

Бөрлі ауданының әкімі  

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2018 жылғы 4 маусымдағы №120-өкімімен Санжар Жұматайұлы Әлиев ротациялау тәртібімен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Санжар Жұматайұлы Әлиев 1978 жылы туған. Білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық Университетін экономист-бухгалтер, 2002 жылы Орталық Азия Университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Бюджетті жоспарлау және қаржы департаменті бас маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, индикативтік және қаржылық жоспарлауды жиынтық талдау және қаржы басқармасының бөлім бастығы.

2002-2012 жылдары Қаржы полициясында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің сарапшысы, инспекторы.

2013 жылғы 18 қарашадан Тасқала ауданының әкімі.

2018 жылдың 04 маусымынан  Бөрлі ауданының әкімі.

Отбасылық жағдайы: үйленген, бес балалы.

КАНАЛИН ЖАНАБАЙ НӘБИҰЛЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Каналин Ж.Н   - 1959 жылдың 1 қантарда дүниеге келді. 1975 жылы туған ауылында жұмысшы ретінде қызметін бастады. Қарулы күштер қатарынан кейін зооинжер мамандығы бойынша Орал қаласының ауыл шаруашылық институтына түсіп, сол институтта лаборант лауазымында, 1985 жылы- БҚО ауыл шаруашылық институтының кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2009 жылы Еуразиялық академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білімді алды.

1995 жылдан бастап облысымыздың әр түрлі коммерциалық құрылымдарында басшылық лауазымдарын атқарды.

2007 жылы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің меңгерушісі қызметінде, 2008 жылдың мамырынан бастап Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдың қаңтарынан бастап Бөрлі ауданы әкімінің орынбары қызметін атқаруда. Ауыл шаруашылықты дамыту мәселесін басқарады.

ИХСАНОВ ЕРКЕБҰЛАН НҰРЕТДИНҰЛЫ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ     

1982 жылдың 23 наурызында  Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. 

Еңбек жолын 2004 жылы Казталов ауданының әлеуметтік қорғау бөлімінің құжаттарды жинау бойынша статисті қызметінен бастаған, кейін  Батыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы қызметін атқарған. Жеке ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибесі бар. Әр жылдарда  Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасында, «КазСтройСервис МГҚК» АҚ-ң Орал филиалында қызмет етіп, Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы, Орал қаласының қаржы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған. 

2016 жылдың тамыз айынан бастап Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары.   



КӨШКІНБАЕВ АЛПАМЫС ЖАНАБАЙҰЛЫ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

1984 жылдың 6 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетін «Жоғары кәсіби білімді математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Есеп және аудит бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2005–2007 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушысы;

2007–2008 жылдары Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

2008–2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;

2010–2011 жылдары Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы;

2011–2012 жылдары «Мәдени-ағарту бірлестігі» МККК-ның директоры;

2012 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2018 жылдың шілде айынан бастап Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары.

 

АҒЕДІЛОВ ДАРХАН МҮТИҒОЛЛАҰЛЫ – АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ     

Дархан Мүтиғоллаұлы Ағеділов 1981жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі  жоғары. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірді. Заңгер,  қаржы бакалавры. 

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласында ҚР Кедендік бақылау агенттігі ұйымдастыру және әкімшілік жұмыстары департаменті кадр басқармасы жауынгерлік және қызметтік даярлық бөлімшесі жетекші инспекторы қызметінен бастады. 

2002 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет етті. 

2015 жылдың қаңтар айынан бастап 2016 жылдың қаңтар айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызмет атқарды.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарады.