Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй, 2 қабат, 207 кабинет, анықтама үшін телефон: факс 8-(71133)20509, электрондық адресі: burlin-akimat@mail.ru. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е-R-1 санаты, (индексі  18-0-1), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142412 (min)  теңгеден 192382 (max)  теңгеге дейін        

Функционалдық міндеттері:  

Бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Ауданның аумағында тілдерді қолдану және дамытудың аумақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатының және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі кешенді шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және жүзеге  асыруды ұйымдастырады. Мәдениет және тілдерді дамыту туралы мемлекеттік саяси бағыттағы маңызды мәселелерді жүзеге асыру, ұлттық мәдени салт-дәстүрлерді дамыту, сақтау, жаңғырту жұмыстарын жүргізу.Мәдени көпшілік және ағарту ісі жөніндегі шараларды өткізудің, мекемедегі аудандық бірыңғай күнтізбелік жоспарын бекітеді. Ауданда мәдениет және тілдерді дамыту, ауданымыздағы жас таланттарды жарыққа шығару, вокалдық, жанұялық, халық аспаптары ансамбльдерін құру, жеке орындаушыларды және дарынды таланттарды облыстық, республикалық байқауларға, фестивальдерге  даярлауды ұйымдастыру.Аудандағы мекемелер мен кәсіпорындарда  мемлекеттік тілде жүргізілетін іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуін қадағалай отырып, оларға әдістемелік көмек көрсету, әр түрлі ұлттық мәдени орталықтармен тығыз байланыста жұмыс атқару.Мәдениет және тілдерді дамыту жұмыстарының материалдық-техникалық базасын құру және нығайту.  Ауданда  вокалдық, жанұялық, халық аспаптар ансамбльдерін, балалар, ересектер хорын, көңілді тапқышатр клубы тобын, әзіл–сықақ топтарын, трио, квартет, квинтеттерді, ұлт аспаптар оркестрін, би ансамбльдерін, театралдық топтарды даярлауды жүзеге асырады және ауданның өнерлі таланттарын облыстық, республикалық байқауларға, фестивальдерге қатысуын қамтамасыз етеді. Мүдделі ұйымдармен бірлесіп жас таланттарды даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

жоғары білім;

білім:  музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, шет тілі: екі шет тілі, өнер: музыкатану, өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, арт-менеджмент; гуманитарлық ғылымдар: культурология, филология; құқық: құқықтану; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: мемлекеттік және жергілікті басқару; қызмет: туризм, мәдени демалу жұмысы, әлеуметтік- мәдени қызмет, кітапхана ісі мамандықтары бойынша.    

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,  C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық  лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

 5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

- тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталға қызметтік тізім.

 Құжаттардың толық емес пакетін немесе  дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Бөрлі ауданы әкімі  аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттары қабылданады.          

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде  мемлекеттік органның электрондық почта арқылы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда құжаттардың   түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2- қосымшасы

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.