«Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 090300, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй, 2 - қабат, 207-кабинет, анықтама үшін телефон және факс 8 (71133) 20-5-09, электрондық пошта: burlin-akimat@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы «E-G-4» санаты, (индексі  24-0-8), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62 462(min)  теңгеден 84 115(max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: 

 Қала әкімі аппаратының бекітілген номенклатурасы бойынша мұрағатпен айналысады, іс-қағаздарын жүргізеді, құжаттарды тіркейді. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын тіркеп, қала әкімінің азаматтарды  қабылдауын ұйымдастырады, өтініш, арыз иелеріне уақытында жауап берілуін қадағалайды. Өкілетті органдарға есептер, ақпараттар дайындап уақытында тапсырады. 1–ОЛ есебін әзірлеп, белгіленген мерзімде аудан әкімі аппаратына тапсырады. Өкімдер, шешімдердің жобаларын дайындауға, қызметкерлерге байланысты мәліметтерді әзірлейді. Ақсай қаласы бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларына ұсынылатын көп балалы аналардың құжаттарын жинақтайды және аудан әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөліміне тапсырады. Әкім аппаратының мөріне жауапты.  Әкім аппаратына түскен хаттар, ұсыныстар және басқа да өтініштер мен арыздарға уақытылы жауап береді. Қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді атқарады. 

Конкурс қатысушыларына  қойылатын талаптар:

E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Гуманитарлық ғылымдар, білім құқық; өнер; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, қызмет, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медецина

Құзыреттер бойынша талаптар:      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне) «E-G-4» санаты, (индексі  26-0-3), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62 462 (min)  теңгеден 84 115 (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Статистикалық есептер жүргізу. Тұрғындар қоры реестірін жүргізу. Кішігірім цехтар туралы мәліметтерді ай сайын тапсыру. Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселелері бойынша жұмыстану. Округтегі кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметін дамытуға жәрдемдесу. Жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз жүрген азаматтардың құжаттарын әзірлеу, есепке отырғызу, жұмыссыздармен жұмыс істеу.  Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімімен бекітілген стандарттары мен регламенттері бойынша жұмыс жүргізу. Ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргізуілуін бақылау.  Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құжаттарын даярлау, халықты жұмыспен қамту орталығына тапсыру. «Е-Халық»бағдарламасы бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізу. Шаруашылық кітаптардың және электронды шаруашылық базасын жүргізу.  Ауылдық округтің жеке тұлғалаларынан қозғалмайтын және жылжымалы мүлкінің салығын жинауды ұйымдастыру.  Ауыл шаруашылық жануарлардың санағын жылына екі рет жүргізу. Ауыл тұрғындарына шаруашылық кітаптардан үзінділер мен анықтамалар беру. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру Әкім аппараты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия, ардагерлер, қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру,жоспарларын бекіту, отырыстарын өткізу,хаттамаларын жүргізу. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқару.

Конкурс қатысушыларына  қойылатын талаптар:

E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Гуманитарлық ғылымдар, білім, құқық; өнер; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, қызмет, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медецина)    

Құзыреттер бойынша талаптар:      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне) «E-G-4» санаты, (индексі  31-0-2), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62 462 (min)  теңгеден 84 115 (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: 

Құжаттардың сақталуына жауапты. Әкім аппаратының мөрі мен мөртаңбасына жауапты. Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеп, ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу және бекітуге ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша жанар-жағар майдың материалдық есебін жүргізу. «Парус-Каз.Бюджет» (Бюджеттік тапсырыс, ЖӨӨБ бюджеттік қаржыландыру) бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу.  Инвентаризация жүргізу. Қазынашылық-клиент бағдарламасымен жұмыс жасау. Жоғары тұрған мекемелерге уақытылы айлық, тоқсандық, жылдық есеп беру. Жоғары тұрған мекемелермен, жеке тұлғалармен келісім-шарт жасау. Округ әкімі аппаратының бухгалтерлік жұмыс жоспарын жасау. Округ әкімі аппаратының бухгалтерлік есептерін жүргізу, баланс жасау, еңбек ақы, айлық аударымдар, және т.б. жұмыстарын жүргізу. Штаттық кесте және шығындар сметасын құрастыру. Мұрағаттың жұмысын жүргізу. Бюджет қаржысын мақсатты пайдалану және игеру. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және арнайы веб-порталға орналастыру. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және коммуналдық мүлікті жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Кіріс көздерін қалыптастыру. Мүлікті түгендеу жұмыстарын жүргізу (ЕССО есебін тапсыру). Мемлекет тарапынан қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқару.

Конкурс қатысушыларына  қойылатын талаптар:

E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: есеп және аудит, қаржы, экономика.  тұтыну тауарларының сапасын сараптау мамандықтары бойынша

Құзыреттер бойынша талаптар:      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға арналған  конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.            «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);        

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. 

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Егер де  азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелелерін тапсыру талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды электрондық пошта арқылы немесе «E-gov» электрондық порталы арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бөрлі ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін  оның отырысына  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларының 2- қосымшасы

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________


 Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

_________________________________________________________________         

             (қолы)                                 (Тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

   «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО

  (түрлі түсті/

цветное,

3х4)

        _____________________________________________

            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         

             фамилия, имя, отчество (при наличии)

  

         _____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

 (болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

 Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

 Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня- ется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

 

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

 Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________

          күні/дата