«Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 090300, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй, 2 - қабат, 207-кабинет, анықтама үшін телефон және факс 8 (71133) 20-5-09, электрондық пошта: burlin-akimat@mail.ru.

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрі ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі  бойынша демалысы кезіне) «E-R-4» санаты, (индексі  23-0-2), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288(min)  теңгеден 99106(max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:  

Тууды, неке қию, неке бұзу, қайтыс болуды, бала асырап алу, әке болуды анықтауды тіркеу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы Тууды, неке қию, неке бұзу, қайтыс болуды, бала асырап алу, әке болуды анықтауды тіркеу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Бөрлі аудандық бөлімінен реестр бойынша жолданған әр түрлі қайталама куәліктерді беру. Азаматтық хал актілер жазбасына өзгерістер, түзетулер енгізу, қалпына келтіру қорытынды шығару жұмысы, азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерту қортындысын шығару жұмысы, туу, қайтыс болуды тіркеу бойынша медициналық қызметкерлерімен жұмыс жүргізу. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы және онлайн арқылы келіп түскен өтініштерін қабылдау. «АХАТ ТП» бағдарламасымен жұмыс жасау. «ХҚКО-бақылау» бағдарламасы бойынша уақытылы келіп түскен өтініштерді орындау. Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына айлық тізім дайындау жұмысы. АХАТ қызметінің есебін дайындау (айлық, тоқсан, жылдық). Неке қию, неке бұзу, қайтыс болуды, бала асырап алу, әке болуды анықтауды тіркеу үшін мемлекеттік баж алымы туралы Салық басқармасына есеп жолдау. Азаматтарға әкімшілік іс қозғау (ҚР ӘҚБК 491 бабы).  . Мемлекеттік органдарының,заңды және тұлғалардың сұраныстарына уақытында жауап жолдау. Куәлік бланкілерінің есебіне, сақталуына, есеп беру және шығысталып жұмсалуына жауап береді. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен іс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша жұмыстарын жүргізу,бөлімнің кадрлық ісқағазданын жүргізу Электрондық «Lotus Notes» құжат айналымының бірыңғай жүйесімен жұмыс жасайды.

Конкурс қатысушыларына  қойылатын талаптар:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құқық,әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.

 Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;     

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп  және есеп беру, мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы «E-5» санаты, (индексі  04-0-3), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69124(min)  теңгеден 93276(max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:  

Ақша қаражатын қабылдап алу, есебін жүргізу, беру және сақтау жөніндегі операцияларды іске асыру, бухгалтерлік есепті сапалы және уақтылы жүргізу,  ұйымдармен тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлем және есеп айырысу жөніндегі төлем құжаттарын, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін құжаттар дайындау, белгіленген нысандарда және белгіленген мерзімдерде бухгалтерлік есептіліктерді құру және беру. Бөлімге түскен арыздар, ұсынымдар мен наразылықтарды т.б. уақытында қарап, жауап дайындайды. Жұмыс регламентін және ішкі жұмыс тәртібін сақтайды.

Конкурс қатысушыларына  қойылатын талаптар:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: қаржы, есеп және аудит, экономика мамандықтары бойынша.

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қарағанды ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы («Е-G-4»- санаты (индексі  33-0-3), 1-бірлік), лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 (min) теңгеден 84115 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:  Статистикалық есептер жүргізу. Тұрғындар қоры реестірін жүргізу. Кішігірім цехтар туралы мәліметтерді ай сайын тапсыру. Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселелері бойынша жұмыстану. Округтегі кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметін дамытуға жәрдемдесу. Жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз жүрген азаматтардың құжаттарын әзірлеу, есепке отырғызу, жұмыссыздармен жұмыс істеу.  Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімімен бекітілген стандарттары мен регламенттері бойынша жұмыс жүргізу. Ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргізуілуін бақылау.  Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құжаттарын даярлау, халықты жұмыспен қамту орталығына тапсыру. «Е-Халық»бағдарламасы бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізу. Шаруашылық кітаптардың және электронды шаруашылық базасын жүргізу.  Ауылдық округтің жеке тұлғалаларынан қозғалмайтын және жылжымалы мүлкінің салығын жинауды ұйымдастыру.  Ауыл шаруашылық жануарлардың санағын жылына екі рет жүргізу. Ауыл тұрғындарына шаруашылық кітаптардан үзінділер мен анықтамалар беру. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру Әкім аппараты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия, ардагерлер, қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру,жоспарларын бекіту, отырыстарын өткізу,хаттамаларын жүргізу. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Гуманитарлық ғылымдар, білім, құқық; өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес(қаржы, экономика, есеп және аудит,мемлекеттік жергілікті басқару жобаны басқару),техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, ауыларуашылық ғылымдары,ветеринария, қызмет, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;     

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);

  2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);

  3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.   «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

   Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

  5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);     

  6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. 

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Егер де  азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелелерін тапсыру талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды электрондық пошта арқылы немесе «E-gov» электрондық порталы арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бөрлі ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін  оның отырысына  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларының 2- қосымшасы

 

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.


      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
 Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________      
             (қолы)                                 (Тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

   «___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО

  (түрлі түсті/

цветное,

3х4)

        _____________________________________________

 

            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         

             фамилия, имя, отчество (при наличии)

  

         _____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

 (болған жағдайда/при наличии)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

 Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

 Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня- ется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

 

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

 Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________

          күні/дата