«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй,  2 қабат, 207 кабинет, анықтама үшін телефон: факс 8-(71133)20509, электрондық адресі: burlin-akimat@mail.ru. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында

 ішкі конкурс жариялайды

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне) «E-R-4» санаты, (индексі  13-0-2), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 (min)  теңгеден 99106 (max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:         

Қаланының аббаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Аудандық санитарлық тазалық айлығын ұйымдастыру. Құрылыс нысандарын ағымды және күрделі жөндеуден өткізу және жаңа салынған нысандарды қабылдау. Қалада автокөлік жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру. Коммуналдық шаруашылық. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары жұмысын дамыту мақсатында ұсыныстар енгізу. Облыстық, аудандық, жергілікті маңызы бар жолдардың жұмыстарын ұйымдастыру. Жолдарды, шұңқырды жөндеуден өткізуге ақаулық актісін ресімдеу. Жүргіншілік аяқжолдарының, теміржол өткелдерінің күйін бақылау. Жоғарғы органдардан келген жол шаруашылығы және көлік мәселелеріне тиісті шешімдерді, өкімдерді орындау. Қаладағы жолаушыларды және ауыл тұрғындарын тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру. Жолаушыларды автокөлікпен, жеке таксилермен тасымалдауға келісім-шарт жасау. Жол қозғалысы белгілерін, бағдаршамдардың қалыпты жұмыс жасауын ұйымдастыру. «Е-лицензиялау» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмысына жауапты. Мемлекеттік тұрғын жай қорындағы пәтер иелерімен жалдау шартын дайындау. Коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және коммуналдық мүлікті жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған ипотекалық несиеге берілген пәтерлер бойынша бағдарламалардың жүзеге асырылуына жауапты. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жазбаша өтініштер мен арыздарға уақытында жауап беру. Өз жұмысын жоспарлау, өз құзіреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына  қойылатын талаптар:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Техникалық ғылымдар және технология: (машина жасау, көлік, көліктік техника, технология, жылу энергетикасы, электр энергетикасы); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); әлеуметтік ғылымдар: мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: құқықтану, халықаралық құқық мамандықтары бойынша.

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

-осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

-тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталға қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе  дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік оргганға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көһрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не«Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде  мемлекеттік органның электрондық почта арқылы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда құжаттардың   түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Бөрлі ауданы әкімі  аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

 Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттк органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларының 2- қосымшасы

 

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

            «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.


      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.