Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй,  2 қабат, 207 кабинет, анықтама үшін телефон: факс 8-(71133)20509, электрондық адресі: burlin-akimat@mail.ru.

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының  ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бойынша «E-4» санаты, (индексі  07-0-6), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77452(min)  теңгеден 104935(max)  теңгеге дейін

 

Функционалдық міндеттері:  

Аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен ақпараттандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; Аудан әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құрылымдық бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіреді.Ауданның жергілікті атқарушы органдарына ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.Аудан, қала әкімі аппараттарында, ауылдық округтар мен бөлімдерде ақпараттық қауіпсіздікті енгізу жағдайын зерттейді.Аудан әкімінің қатысуымен ақпараттандыру бағыты бойынша өтетін аудан әкімдігінің жұмысына, аудандық мәслихат сессияларына,  кеңестерге қатысады; Ақпараттық технологиялар сұрақтары бойынша  жүргізілетін кеңестердін және басқа да іс-шаралардың хаттамаларын дайындайды, бақылауға алып, тапсырмалардың  орындалғаны  жөнінде ақпарат дайындайды. Ақпараттандыру мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдарға, аудан басшылығына есеп береді."Электрондық үкімет" мемлекеттік бағдарламасын енгізу және ауданның басқа да салалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін бақылайды (ауданның ақпараттандыруын дамыту,  электрондық мемлекеттік қызметтер және басқа да қызметтерді ұсыну). Бөрлі ауданы әкімдігінің  ресми интернет-ресурсына  материалдарды орналастыру бойынша жұмысты жүргізеді, аудан әкімдігінің және құрылымдық бөлімшелердің интернет-ресурстарын  сүйемелдеу жұмысын үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратының электрондық поштасының жұмысын қамтамасыз етеді. Ақпараттандыру барысы туралы, ақпараттық-талдау материалдарын, анықтамалар, жазбалар, жетекшілік ететін мәселелер бойынша жалпы ақпаратты дайындайды.Аудан әкімінің аппаратында ақпараттық технологияларды енгізеді.Аудан әкімі аппаратының теңгерімінде тұрған ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуіне аттестаттаудан өткізу мақсатында іс-шаралар өткізу  үшін құжаттарды дайындау.Есептеу техника құралдары  тізбесін және паспорттауды жүргізуді жүйелейді (персоналды компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз ету, серверлік құрал-жабдық, желілік құрал-жабдық).Ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді орналастыру жұмыстарын жүргізеді. Зиянды кодттардан ("вирустардан") қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.Жергілікті атқарушы органдарда  сервистерді толық қолдану бойынша,  мемлекеттік органдардың Интранет портал  ақпараттық жүйесін, аудан әкімінің аппаратында  жүйені басқаруды үйлестіреді.  Ғимаратты, серверлік бөлмені қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізеді (ҚБЖ, бейнебақылау, ғимаратқа  кіру жөніндегі нұсқаулық, серверлік бөлмеге кіру журналдарды жүргізу   және т. б.). Резервтік көшіру және қалпына келтіру жұмыстарын  жүргізеді.Халықтың сандық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады   және есеп береді. Аудан әкімі аппараты,  жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарына  толықтығы, дұрыстығы  және өзектілігі  бойынша мониторинг  жүргізеді.«Интегро» ААЖ  өзгертулер мен жаңартуларды уақытында енгізу бойынша жұмыс жасайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 

Техникалық ғылымдар және технологиялар: автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеуші техника және ақпараттық қамсыздандыру, радиотехника, электроника және телекоммуникация), білім: информатика, математика, жаратылыстану ғылымдары: информатика, математика мамандықтары бойынша.

     

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару

 

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

-осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

-тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталға қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе  дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік оргганға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көһрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не«Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде  мемлекеттік органның электрондық почта арқылы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда құжаттардың   түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Бөрлі ауданы әкімі  аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

 Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттк органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларының 2- қосымшасы

 

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.


      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.