Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй,  2 қабат, 207 кабинет, анықтама үшін телефон: факс 8-(71133)20509, электрондық адресі: burlin-akimat@mail.ru.

 

1.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы «E-G-3» санаты, (индексі  22-0-10), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957(min)  теңгеден 94109(max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:  

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және заңнамаларына сәйкес әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады. Қала аумағындағы шағын және орта бизнес мәселелерімен айналысады және  ақпарат дайындайды. Әлеуметтік маңызы бар бірінші қажетті азық-түліктердің құны бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп, тапсырады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі. Қала әкімі қатысатын  мәжілістерге, жиналыстарға және қала әкімінің тұрғындар алдында беретін есебіне ақпарат дайындайды, есепте берілген тапсырмаларды орындайды және хаттамаларын рәсімдейді. Жоғары органдардан келіп түскен құжаттардың уақытылы орындалуын, бақылау мәліметтерін әзірлеу және өкілетті органдарға есеп тапсырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, соғыс ардагерлерімен, мүгедектермен және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарымен жұмыстанады. Мемелекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында мониторинг жүргізеді. Қала әкімінің және оның орынбасарының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. «ҚБПҮ» белгісі  бар құжаттарымен жұмыс жасайды. Әкім аппаратына түскен наразылықтар, ұсыныстар және басқа да өтініштер мен арыздарға уақытылы жауап береді. Қала экономикасына инвесторларды тартуға ықпал етеді, аз қамтылған отбасыларына жәрдем көрсету мақсатында қәсіпкерлермен  жұмыстанады. Шағын және орта бизнестің дамуына арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында Даму, Казагрофинианс және т.б қаржы ұйымдарымен жұмыстар жүргізеді,  кәсіпкерлердің санын арттыруға ықпал етеді. Жыл сайын қаланың әлеуметтік экономикалық паспортын дайындайды. Қала әкімімен құрылған комиссияға  қатысады. Қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

      жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Гуманитарлық ғылымдар, білім, құқық: өнер; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, қызмет, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)мамандықтары бойынша

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

-осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

-тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталға қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе  дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік оргганға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көһрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не«Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде  мемлекеттік органның электрондық почта арқылы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда құжаттардың   түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Бөрлі ауданы әкімі  аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

 Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттк органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларының 2- қосымшасы

 

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

            «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.


      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.