Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй,                 2 қабат, 207 кабинет, анықтама үшін телефон: факс 8-(71133)20509, электрондық адресі: burlin-akimat@mail.ru. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында

 ішкі конкурс жариялайды

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы (қоғамдық байланыс бойынша) Е-3 санаты, (индексі  03-0-1), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102437 (min)  теңгеден 138248(max)  теңгеге дейін

    Функционалдық міндеттері:                               

Заңдылықты, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қорғаудың жай-күйіне талдау жасауға қатысу, құқықтық  тәртіпті нығайту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және тексеруді қамтамасыз ету; Аудан әкiмiнiң, аудан әкiмі аппаратының және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң  қызметiн жарықтандыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау. Баспасөз релиздерін, баспасөз-конференцияларын, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен аудан әкімінің кездесулерін дайындау. Аудан әкімдігі мен аудан әкіміне қатысты бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу және аудан әкімін хабардар ету. Әкімнің аса маңызды сапарларын ақпараттық жарықтандыру. Мемлекеттік қызметшілер туралы жағымсыз материалдар, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері туралы БАҚ-тардағы жарияланымдарға қатысты қолданылған шаралар жөнінде ақпарат беру. Аудан әкімінің тапсырмаларын бұлжытпай уақытында орындауға міндетті.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

гуманитарлық ғылымдар: мәдениеттану, дінтану, шығыстану, теология; білім,  құқық,  әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес: жұртшылықпен байланыс,  журналистика; техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, қызмет; өнер; әскери іс және қауіпсіздік;  денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина). мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

     Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

 5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 -осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

-тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталға қызметтік тізім.

 Құжаттардың толық емес пакетін немесе  дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

-осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

-тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталға қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе  дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік оргганға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көһрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не«Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде  мемлекеттік органның электрондық почта арқылы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда құжаттардың   түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Бөрлі ауданы әкімі  аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат

      Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

 Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттк органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларының 2- қосымшасы

 

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

            «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.


      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

_____________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

_____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.