«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 090300, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй, 2 - қабат, 207-кабинет, анықтама үшін телефон және факс 8 (71133) 20-5-09, электрондық пошта: burlin-akimat@mail.ru.

 

1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне),  «Е-R-4»- санаты, (индексі  21-0-2)   лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 95209 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

           Функционалдық міндеттері:

Тууды, неке қию, неке бұзу, қайтыс болуды, бала асырап алу, әке болуды анықтауды тіркеу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Бөрлі аудандық бөлімінен реестр бойынша жолданған әр түрлі қайталама куәліктерді беру. Азаматтық хал актілерін әліпбилік журналын жүргізу,азаматтық хал актілер жазбасына өзгерістер, түзетулер енгізу, қалпына келтіру қорытынды шығару жұмысы, азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерту қортындысын шығару жұмысы, туу, қайтыс болуды тіркеу бойынша медициналық қызметкерлерімен жұмыс жүргізу. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы және онлайн арқылы келіп түскен өтініштерін қабылдау. «АХАТ ТП» бағдарламасымен жұмыс жасау. «ХҚКО-бақылау» бағдарламасы бойынша уақытылы келіп түскен өтініштерді орындау. Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына айлық тізім дайындау жұмысы. АХАТ қызметінің есебін дайындау (айлық, тоқсан, жылдық), тізілім бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Бөрлі аудандық бөліміне дайын құжаттарды жолдау. Неке қию, неке бұзу, қайтыс болуды, бала асырап алу, әке болуды анықтауды тіркеу үшін мемлекеттік баж алымы туралы Салық басқармасына есеп жолдау. Азаматтарға әкімшілік іс қозғау (ҚР ӘҚБК 491 бабы). Мемлекеттік органдарының,заңды және тұлғалардың сұраныстарына уақытында жауап жолдау. Куәлік бланкілерінің есебіне, сақталуына, есеп беру және шығысталып жұмсалуына жауап береді. Электрондық «Lotus Notes» құжат айналымының бірыңғай жүйесімен жұмыс жасайды. «E-қызмет» жүйесіне қатысты жұмысқа жауапты.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Құқық, әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес: мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы,  «Е-R-4»- санаты, (индексі  19-0-7)   лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 95209 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Коммуналдық меншіктерді қабылдау- табыстау жұмыстарын жүзеге асырады. Жалға беру туралы келісім-шарттарын жасақтайды және коммуналдық меншіктердің нысандарын жалға беру түсімдерін бақылауға алады. Коммуналдық меншіктердің есебін құру жұмыстарын және есептілікті жоғары тұрған органдарға ұсынады. Жыл сайын коммуналдық меншіктің  нысандарын түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Мемлекеттік органдардан қаржылық- шаруашылық қызметі жоспарларының есептерін 248, 249 үлгілер бойынша қабылдайды. Коммуналдық меншіктегі активтердің қозғалысын қадағалап, бұйрықтар жасайды. №1-ОГ үлгісіндегі статистикалық есеп мониторингісін жүргізеді. Бөлімдегі «қызмет бабында пайдаланғаны үшін» деген құпиялық құжаттарды жүргізеді.

Бөлімдегі кадрлық жұмыспен айналысады. «Е-қызмет» автоматтандырылғын жүйесі бойынша қызмет етеді, аудандық кадр қызметі бөліміне  бөлімінің қызметкерлер бойынша керекті ақпарат ұсынады. Бөлімге түскен басқа да тапсырмаларды орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

3.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы,  «Е-G-4»- санаты, (индексі  34-0-3)   лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 81229 (min) теңгеден 109367 (max) теңгеге дейін

           Функционалдық міндеттері:

Статистикалық есептер жүргізу. Тұрғындар қоры реестірін жүргізу. Кішігірім цехтар туралы мәліметтерді ай сайын тапсыру. Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселелері бойынша жұмыстану. Округтегі кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметін дамытуға жәрдемдесу. Жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз жүрген азаматтардың құжаттарын әзірлеу, есепке отырғызу, жұмыссыздармен жұмыс істеу. Жеке және Заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімімен бекітілген стандарттары мен регламенттері бойынша жұмыс жүргізу. Ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргізуілуін бақылау. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек  алушылардың құжаттарын даярлау, халықты жұмыспен қамту орталығына тапсыру. «Е-Халық» бағдарламасы бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізу. Шаруашылық кітаптардың және электронды шаруашылық базасын жүргізу. Ауылдық округтің жеке тұлғаларынан қозғалмайтын және жылжымалы мүлкінің салығын жинауды ұйымдастыру. Ауыл шаруашылық жануарлардың санағын жылына екі рет жүргізу. Ауыл тұрғындарына шаруашылық кітаптардан үзінділер мен анықтамалар беру. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру. Әкім аппараты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия, ардагерлер, қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарларын бекіту, отырыстарын өткізу, хаттамаларын жүргізу. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқару.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Гуманитарлық ғылымдар,  білім,  құқық: өнер;  әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, қызмет, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

4.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы,  «Е-G-4»- санаты, (индексі  26-0-2)   лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 81229 (min) теңгеден 109367 (max) теңгеге дейін

           Функционалдық міндеттері:

Құжаттардың сақталуына жауапты. Әкім аппаратының мөрі мен мөртаңбасына жауапты. Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеп, ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу және бекітуге ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша жанар-жағар майдың материалдық есебін жүргізу. «Парус-Каз.Бюджет» (Бюджеттік тапсырыс, ЖӨӨБ бюджеттік қаржыландыру) бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу.  Инвентаризация жүргізу. Қазынашылық-клиент бағдарламасымен жұмыс жасау. Жоғары тұрған мекемелерге уақытылы айлық, тоқсандық, жылдық есеп беру. Жоғары тұрған мекемелермен, жеке тұлғалармен келісім-шарт жасау. Округ әкімі аппаратының бухгалтерлік жұмыс жоспарын жасау. Округ әкімі аппаратының бухгалтерлік есептерін жүргізу, баланс жасау, еңбек ақы, айлық аударымдар, және т.б. жұмыстарын жүргізу. Штаттық кесте және шығындар сметасын құрастыру. Мұрағаттың жұмысын жүргізу. Бюджет қаржысын мақсатты пайдалану және игеру. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және арнайы веб-порталға орналастыру. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және коммуналдық мүлікті жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Кіріс көздерін қалыптастыру. Мүлікті түгендеу жұмыстарын жүргізу (ЕССО есебін тапсыру). Мемлекет тарапынан қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқару.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: есеп және аудит, қаржы, экономика мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

 Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

5.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші маманы «Е-5»- санаты, (индексі  04-0-4)   лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 89900 (min) теңгеден 121224 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастыру. Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау. Заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Бөлім бойынша есептілікті, қажетті мәліметтерді уақытылы ұсыну. Ұйымдастырылуы және өткізілуі.Тапсырыс берушілердің жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу, сараптау және алдын алу. Қажетті жұмыс жоспарларын жасақтау.Өзге де міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшалай қаражатқа, есеп айырысуларға, материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады, түгендеу нәтижелерін дер мерзімінде және дұрыс айқындау және оларды есепте бейнелейді және бухгалтерлік есептілікті, мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің есептерін, статистикалық, салық есептілігін  белгіленген мерзімдерде береді, мекеменің шығыстар сметасын және оларға есептесулерді әзірлейді

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: қаржы, есеп және аудит, экономика; Құқық: құқықтану, халықаралық құқық мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

       2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» эдектронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың қызметтік тізімі, өтініш және құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

      Конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың өтініштері негізінде оларға осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, сондай-ақ 78-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар қайтарылады. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері алынады және олар персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бөрлі ауданы әкімі аппаратында өтеді.

 

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларынегізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

 қағидаларының 2- қосымшасы

 

Нысан

____________________________

____________________________

____________________________
____________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.


      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

____
________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

__________
 Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

__________________________ _____________________________________

____________________________          _____________________________

____________________________________
             (қолы)                                 (Тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

   «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО

  (түрлі түсті/

цветное,

3х4)

        _____________________________________________

 

            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         

             фамилия, имя, отчество (при наличии)

  

         _____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

 (болған жағдайда/при наличии)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

 Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

 Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня- ется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

 

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

 Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________

          күні/дата