«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 090300, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй, 2 - қабат, 207-кабинет, анықтама үшін телефон және факс 8 (71133) 20-5-09, электрондық пошта: burlin-akimat@mail.ru.

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы Е-3 санаты, (индексі  04-0-2), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 112729 (min)  теңгеден 152017(max)  теңгеге дейін

    Функционалдық міндеттері:  

Бухгалтерлік есептілікті, мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің есептерін, статистикалық, салық есептілігін  белгіленген мерзімдерде береді; Мекеменің шығыстар сметасын және оларға есептесулерді әзірлейді. Бухгалтерлік есепті сапалы және уақтылы ұйымдастырады. Жалақыны есептеу және төлеуді жүзеге асырады, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің іссапар шығыстарын есепке алады, ұйымдармен және салық қызметтерімен сметаларды орындау процесінде туындайтын есеп айырысуларды уақытында жүргізеді. Аудан әкімі аппаратына бөлінген қаражаттың игерілуіне жауап береді, тиісті мемлекеттік органдарға орындалуы туралы есебін береді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшалай қаражатқа, есеп айырысуларға, материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады, түгендеу нәтижелерін дер мерзімінде және дұрыс айқындайды және оларды есепте бейнелейді. «1С-бухгалтерия», «Клиент-казначейство», «Парус-бюджет жоспарлау» электрондық портал бойынша бухгалтерлік есепті жүргізеді және тиісті органдарға есебін тапсырады. Қазынашылық аумақтық органы арқылы төлемдер жүргізеді. Бухгалтерлік электрондық бағдарламаларға сәйкес жұмыстар атқарады. Жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржыны мақсатты жұмсайды. Мүліктер мен бағалы заттардың сақталуына есеп жүргізеді және бақылайды. Бухгалтерлік құжаттарды сақтап, мұрағатқа тапсыру. Қажетті жұмыс жоспарларын жасақтайды. Өзге де міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке  және  заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: қаржы, есеп және аудит, экономика; Құқық: құқықтану, халықаралық құқық мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;     

     Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;     

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;     

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;     

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;     

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;    

 6) ғылыми дәрежесінің болуы;     

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;     

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маманы Е-4 санаты, (индексі  07-0-5), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 100695 (min)  теңгеден 136443(max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:  

Аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен ақпараттандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; Аудан әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құрылымдық бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіреді.Ауданның жергілікті атқарушы органдарына ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.Аудан, қала әкімі аппараттарында, ауылдық округтер мен бөлімдерде ақпараттық қауіпсіздікті енгізу жағдайын зерттейді.Аудан әкімінің қатысуымен ақпараттандыру бағыты бойынша өтетін аудан әкімдігінің жұмысына, аудандық мәслихат сессияларына,  кеңестерге қатысады; Ақпараттық технологиялар сұрақтары бойынша  жүргізілетін кеңестердін және басқа да іс-шаралардың хаттамаларын дайындайды, бақылауға алып, тапсырмалардың  орындалғаны  жөнінде ақпарат дайындайды. Ақпараттандыру мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдарға, аудан басшылығына есеп береді."Электрондық үкімет" мемлекеттік бағдарламасын енгізу және ауданның басқа да салалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін бақылайды. Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына және МО ИРБП материалдарды уақытылы орналастыру бойынша жұмысттарды жүргізеді, аудан әкімдігінің және құрылымдық бөлімшелердің интернет-ресурстарын  сүйемелдеу жұмысын үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратының электрондық поштасының жұмысын қамтамасыз етеді. Ақпараттандыру барысы туралы, ақпараттық-талдау материалдарын, анықтамалар, жазбалар, жетекшілік ететін мәселелер бойынша жалпы ақпаратты дайындайды.Аудан әкімінің аппаратында ақпараттық технологияларды енгізеді.Аудан әкімі аппаратының теңгерімінде тұрған ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуіне аттестаттаудан өткізу мақсатында іс-шаралар өткізу үшін құжаттарды дайындайды. Интернет-порталында ашық деректерді орналастыру жұмыстарын жүргізеді.Зиянды кодтардан, вирустардан қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.Жергілікті атқарушы органдарда сервистерді толық қолдану бойынша,мемлекеттік органдардың Интранет портал ақпараттық жүйесін, аудан әкімінің аппаратында  жүйені басқаруды үйлестіреді.Ғимаратты, серверлік бөлмені қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізеді. Резервтік көшіру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің құжаттарын мұрағатқа тапсырады.Аудан әкімі аппараты,  жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарына  толықтығы, дұрыстығы  және өзектілігі  бойынша мониторинг  жүргізеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке  және  заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Техникалық ғылымдар және технологиялар: автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйе, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеуші техника және ақпараттық қамсыздандыру, радиотехника, электроника және телекоммуникация), білім: информатика, математика, жаратылыстану ғылымдары: информатика, математика, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару мамандықтары бойынша      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;         

 Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;     

жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының сәулет , қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы    Е-R-4, санаты, (индексі   17-0-6), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95209 (min)  теңгеден 128834(max)  теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:  

Облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді орындауына қатысады. Бөлімнің құрылыс нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау сапасын бақылайды. Құрылысы  саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізеді. Неғұрлым озық технологиялық процестерді енгізуге байланысты  жобаға өзгерістер енгізу туралы сұрақтарды шешуге, жоспарлау және жобалау шешімдерді, шығындардың төмендеуін қамтамасыз ету және құрылыс пен қайта құрудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуына қатысады.Жобалық шешімдрді өзгерту кезінде құрылыс барысында туындайтын келісуді қарауға қатысады. Құрылыс объектілерін  пайдалануға қабылдау жұмыстарына қатысады. Сұралған ақпаратты, есептерді жоғары тұрган органдарға  ауқтылы жібереді. Қоғамдық  тыңдауларға қатысады. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстарға, семинарларға қатысады. Бөлімнің нысандарына құқықтық құжаттарын дайындау және тіркеу бойынша жұмыстар атқарады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.  Қажеттілік шегінде басқа да жұмыстарды атқарады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:     

техникалық  ғылымдар және технологиялар: жылу энергетикасы, электр энергетикасы, техникалық машиналар және жабдықтар, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, стандарттау және сертификаттау, геодезия және картография, көлік құрылысы, маркшейдр ісі, метрология, өнер: сәулет, инженер-құрылысышы, дизайн, графика; қызмет көрсету: жерге  орналастыру, кадастр; құқық мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;     

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бөрлі ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

 

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

____________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 


 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения







 



 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады