корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына ішкі конкурс жариялайды:

Бөрлі ауданының   құрылыс бөлімінің  басшысы «Е-R-1» санаты, (индексі 17-0-1), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Техникалық  ғылымдар және технология мамандықтары бойынша жоғарғы білім.

Функционалдық міндеттері:  
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Белгіленген құзыры шегінде аудандық құрылыс органдарының қызметін үйлестіру, заңнамаларында белгіленген тәртіппен құрылыс объектілерін іске қосуға қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу, орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын нысандарды жобалауға, салуға тендерлер ұйымдастыру және өткізу. Аудан әкімінің жанында өтетін отырыстарға әзірлікті қамтамасыз етеді, өздері бағыттап отыратын мәселелер бойынша хаттама жазады, тендерлік комиссияның отырысына құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Құрылыс, газбен жабдықтау мәселелерімен шұғылданады. Құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделі қорғау мәселелері бойынша инспекцияларының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен және лицензиялау органдарымен қарым-қатынаста болу. Тиісті аудан аумақтарына құрылыс-жинақтау жұмыстарын игеру кезінде құрылыс заңнамалары нормаларының, сметалық-техникалық нормативтердің және заңнама бекітілген тәртіппен құрылыс және басқа да жобалық құжаттардың орындалуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету. Бекітілген жобалы-сметалық құжаттарына сәйкес және  ҚН и Е талаптарына, құрылыс тәртібін, жайландырудың аудан аумақтарына объектілердің құрылыс нысандарын салу жобаларын қадағалауды жүзеге асыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңға қайшы келмейтін құрылыс істерін жүргізу. Қаржының мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау. Қажеттілігі шегінде басқа да қызметтер атқару.

Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиалық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
 3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4)ғылыми дәрежесінің болуы;*
 5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс

*Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • нысан бойынша жазылған өтініш;
  • тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
 Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе burlin-akimat@mail.ru электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттары қабылданады.          
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш күн ішінде конкурс жариялаған Бөрлі ауданы әкімі  аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.