«Бөрлі ауданы әкімінің аппараты»ММ: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй, 2- қабат, 34-кабинет, анықтама үшін телефон(факс): 8-(71133) 20-5-09, e-mail: burlin-akimat@mail.ru, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарына орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды.

1.Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы. «E-R-4» санаты, (индексі  13-0-3), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары  бойынша жоғары білім.
Функционалдық міндеттері:  
Бюджеттік бағдарлама әкімгері ретінде ауданның жергілікті бюджетінің шығысына бюджеттік өтінімін әзірлейді, бекітілген қаржы жылына бөлінген қаражат шегінде міндеттемелік және төлемдік қаржыландыру жоспарларын жасайды, қаржы жылына бөлінген қаражаттың жүзеге асырылуына аудан әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлейді. Бюджет кодексіне сай жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес қаржыландыру жоспарын әзірлейді, міндеттеме алатын ерекшеліктерге конкурс жариялайды, келісім-шарттар жобасын әзірлеп, заңдылығын тексереді. «1-С Бухгалтерия 8» мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлік есебі бағдарламасы және «Қазынашылық-Клиент» жүйесімен жұмыс жасайды. Бөлімнің бухгалтерлік есеп-қисабына және аудандық бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, мақсатты орындалуына жауап береді. Салық және статистика басқармаларына тиісті есептерді, декларацияларды тапсырады. Бөлімдегі мүліктерге түгендеу жүргізіп, есебін тиісті органдарға тапсырады. Бөлімге түскен басқа да тапсырмаларды орындайды. Бөлімнің есеп жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің теңгерімінде басты құралдар мен материалдық-тауарлық құндылықтардың есепке алынуына және сақталуына жауапты.  Бөлімге байланысты басқа да жұмыстарды атқару.
2.Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы«E-R-4» санаты, (индексі  12-0-3), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Ауыл шаруашылық ғылымдары немесе қызмет мамандығы бойынша жоғары білім
Функционалдық міндеттері:  
Ауданның  жерлері туралы есебін әзірлейді және оларды санаттарға бөліп, жер учаскелерін иемденушілерге, жер пайдаланушыларға таратады, жер  баланс есебін дайындайды, жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның жерін ұтымды пайдалану  жөніндегі  бағдарламаларды,   жобалар  мен схемеларды әзірлеуді ұйымдастырады, пайдаланымдағы жерлерді анықтайды, иесіз жер учаскелерін есепке алады, агроқұрылымды ұйымдастыру жөніндегі  материалдарды рәсімдейді, облыстық жер қатынастары басқармасымен жұмыс жүргізеді, бөлім атынан сотта өкіл болады, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын береді,  ауыл шаруашылығы  алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындайды, мемлекеттік жер кадастрын, моноторингін жүргізеді. Жер  сауда-саттығын (конкурстар,  аукциондар)  жүргізуді  ұйымдастырады,  жер  учаскесіне меншік құқығын  куәландыратын  құжаттар  береді,  сот органымен және салық басқармасымен хат алмасады. Атына бекітілген мүліктің сақталуына материалдық жауапкершілікте болады
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,  әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
3.Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы«E-G-3» санаты, (индексі  23-0-4), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Құқық  мамандығы бойынша жоғары білім
Функционалдық міндеттері:  
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және заңнамаларына сәйкес әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады. Әкімге қол қоюға ұсынылған қаулылар, шешімдер, өкімдер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Әкімдік пен әкімнің нормативтік актілерінің жобаларын дайындауға, ауданның Әділет органына тіркеуге жіберу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Белгіленген тәртіппен сотта,  сол сияқты құқықтық мәселелері қаралатын басқа да органдарда қала әкімдігі мен әкімнің мүдделерін қорғайды. Нормативтік - құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, бекітілген құжатты ауданның Әділет басқармасында уақытылы тіркеуге жауапты. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес өткізілетін  конкурстардың құжаттарын жасақтауға, заңнамаға сәйкес тәртіппен конкурс өткізілуіне, оның қорытындысымен келісім- шарттар жобасын әзірлесуге және оның заңнамаға  сәйкестігін тексеруге, қол қойылған келісім шарттарды ауданның қазынашылық басқармасында тіркелуін қадағалауға, сондай-ақ, мердігерлермен арадағы жасалған келісім-шарттардың орындалуына бақылау жасауға, арадағы келіспеушіліктерді реттеуге жауапты. Кәсіби емес медиаторлармен тығыз жұмыстанады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша салынатын хаттамалардың заң талаптарына сай екендігін тексереді.  Әкімшілік хаттамамен салынған айыппұлдардың орындалуын бақылайды. Ономастикаға байланысты жұмыстарды атқарады. Әкім аппаратына түскен наразылықтар, ұсыныстар және басқа да өтініштер мен арыздарға уақытылы жауап береді.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
4.Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы. «E-R-4» санаты, (индексі  18-0-2), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Гуманитарлық  не білім не құқық не әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес не өнер мамандықтары бойынша жоғары білім
Функционалдық міндеттері:  
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамытуға арналған мемлекеттік, аймақтық, өңірлік бағдарламалардың сапалы және нәтижелі орындалуын қамтамасыз етеді, бақылау, мәдениет мекемелерінің жұмыстарын қадағалау, мәдени мекемелердің жұмыстарын жоспарлау, мәдени бұқаралық іс шаралардың перспективалық жоспарларын даярлауда бақылау жүргізу, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруда әдістемелік көмектер беру, өз жұмысында инновациялық әдістерді кеңінен қолдану. Көркемөнерпаздар ұжымдарының, үйірмелердің, клубтардың құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде жұмыс атқарады. Аудандағы мәдени бағдарламаларды жасайды және іске асырады. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырады, түрлі әлеуметтік сұраулар жүргізуді ұйымдастыра отырып, аудан тұрғындарының тілді меңгеру деңгейін анықтау жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдердің әрекет етуіне және кеңінен қолданылуына жағдай жасайды, жұмыс әдісі мен стилін жетілдіреді. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі аудандық шараларды өткізу және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.Кітапхана қорын жинақтау және сақтауға жағдай жасап, қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Меншік нысанына қарамастан мекемелерде, ұжымдарда, кәсіпорындарда іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне мүмкіндік туғыза отырып, көмек көрсетеді. Аудандығы ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді. Құзіреті шегінде басқармалардан,бөлімдерден, ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан мемлекеттік тілді дамыту жағдайына байланысты мәселелер бойынша керекті ақпараттарды сұратады. Ономастикалық комиссиямен бірлесе отырып материалдар жинақтау жұмыстарын жүргізеді. Электрондық «Lotus Notes» құжат айналымының бірыңғай жүйесімен және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасайды.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,  әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
**Ескерту:  мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
5.Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы. «E-R-5» санаты, (индексі  13-0-7), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
           Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес не техникалық ғылымдар және технология не білім не құқық мамандықтары бойынша
          Функционалдық міндеттері:
Бөлімде іс қағаздарын сауатты жүргізуге жауапты.  Еңбек келісім-шарты бойынша, жұмысқа қабылдау және босату жөнінде бұйрықтар дайындайды. Кадр мәселелері бойынша  мәліметтерді аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөліміне тапсырады. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздар мен өтініштерге уақытында  жауап береді және сол бойынша аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне, прокуратураға тоқсандық есеп береді. (ЭҚАБЖ) Электрондық құжат айналымын біріңғай жүйесі бағдарламасы бойынша жұмыстарына  жауапты. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізеді. Еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің құжаттарын ресімдейді. Кіріс және шығыс құжаттарын уақытында тіркеп, тиісті органдарға жолдап отырады. Қажеттілігі шегінде басқа да жұмыстарды атқарады.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,  әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
**Ескерту:  мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.         
 «Е- G -4»- санаты, бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
6.Александров (индексі  26-0-2) , Березов (28-0-3), Жарсуат (30-0-3), Қанай (индексі 32-0-2),   ауылдық округ әкімдері аппараттарының жетекші мамандары, Ақбұлақ (индексі  24-0-2) ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне) («Е-G-4»- санаты, 3-бірлік). Лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 (min) теңгеден 84115 (max) теңгеге дейін
           Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе ортадан кейінгі білімі не орта техникалық немесе кәсіптік білім.
          Функционалдық міндеттері:
Құжаттардың сақталуына жауапты. Әкім аппаратының мөрі мен мөртаңбасына жауапты. Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеп, ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу және бекітуге ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша жанар-жағар майдың материалдық есебін жүргізу. Инвентаризация жүргізу. Қазынашылық-клиент бағдарламасымен жұмыс жасау. Жоғары тұрған мекемелерге уақытылы айлық, тоқсандық, жылдық есеп беру. Жоғары тұрған мекемелермен, жеке тұлғалармен келісім-шарт жасау. Округ әкімі аппаратының бухгалтерлік жұмыс жоспарын жасау. Округ әкімі аппаратының бухгалтерлік есептерін жүргізу, баланс жасау, еңбек ақы, айлық аударымдар, және т.б. жұмыстарын жүргізу. Штаттық кесте және шығындар сметасын құрастыру. Мұрағаттың жұмысын жүргізу. Бюджет қаржысын мақсатты пайдалану және игеру. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және арнайы веб-порталға орналастыру жұмыстарымен айналысу. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және коммуналдық мүлікті жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Кіріс көздерін қалыптастыру. Мүлікті түгендеу жұмыстарын жүргізу (ЕССО есебін тапсыру). Мемлекет тарапынан қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.
         7. Ақсу («Е- G -4»- санаты, индексі 25-0-3),  ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне), 1-бірлік.
 Лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 (min) теңгеден 84115 (max) теңгеге дейін
Статистикалық есептер жүргізу. Тұрғындар қоры реестірін жүргізу. Кішігірім цехтар туралы мәліметтерді ай сайын тапсыру. Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселелері бойынша жұмыстану. Округтегі кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметін дамытуға жәрдемдесу. Жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз жүрген азаматтардың құжаттарын әзірлеу, есепке отырғызу, жұмыссыздармен жұмыс істеу. Жеке және Заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімімен бекітілген стандарттары мен регламенттері бойынша жұмыс жүргізу. Ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргізуілуін бақылау. Мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжаттар даярлау (ГДП), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АСП) және әлеуметтік көмек алушылардың құжаттарын даярлау, халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру. Шаруашылық кітаптардың және электронды шаруашылық базасын жүргізу. Ауылдық округтің жеке тұлғалаларынан қозғалмайтын және жылжымалы мүлкінің салығын жинауды ұйымдастыру. Ауыл шаруашылық жануарлардың санағын жылына екі рет жүргізу. Ауыл тұрғындарына шаруашылық кітаптардан үзінділер мен анықтамалар беру. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру.Әкім аппараты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия, ардагерлер, қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарларын бекіту, отырыстарын өткізу, хаттамаларын жүргізу. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқарады.
         8. Пугачев(«Е- G -4»- санаты, индексі 35-0-5),  ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезіне), 1-бірлік.
 Лауазымдық жалақылары қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 (min) теңгеден 84115 (max) теңгеге дейін
Жастар саясаты бойынша жұмыс жүргізу. Тұрғындар қоры реестірін жүргізу. Мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжаттар даярлау (ГДП). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АСП) және әлеуметтік көмек алушылардың  құжаттарын  даярлау және халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру. Азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарға және өтініштерге уақытында жауап дайындау. Жоғары тұрған мекемелерге уақытылы айлық, тоқсандық, жылдық есеп беру. Азық-түлік және күнделікті тұрмыста қажет заттардың бағасын бақылау және мониторинг жүргізу. Кішігірім цехтар туралы мәліметтер даярлау. ҰОС ардагерлерімен және мүгедектермен жұмыс жүргізу. Әкім аппараты жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия, ардагерлер, қоғамдық келісім кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарларын бекіту, отырыстарын өткізу, хаттамаларын жүргізу. Құжаттарды мұрағатқа тапсыруды әзірлеу. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқарады.
            Мынадай құзыреттердің бар болуы:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болуына байланысты жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар (Болашақ бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)  осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі ;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген ( Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы  анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат(немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тапсыру сәтінде уәкілетті органдар жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды(немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі)
3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізілетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
- Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7(жеті) жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы керек.
Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамсыз ету үшін отырысқа байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне,не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы№12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары(бұдан әрі Қағида) негізінде жүргізіледі.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.