Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99 үй, 2 қабат, 34 кабинет, анықтама үшін телефон: факс 8-(71133)20509, электрондық адресі: burlin-akimat@mail.ru. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында 
ішкі конкурс жариялайды

       Бөрлі ауданының   құрылыс бөлімінің  басшысы «Е-R-1» санаты, (индексі 17-0-1), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Техникалық  ғылымдар және технология: құрылыс, құрылыс материалдары,өнімдер мен құрылым өндірісі; өнер: сәулет мамандықтары бойынша (инженер құрылысшы) жоғарғы білім.
Функционалдық міндеттері:  
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Белгіленген құзыры шегінде аудандық құрылыс органдарының қызметін үйлестіру, заңнамаларында белгіленген тәртіппен құрылыс объектілерін іске қосуға қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу, орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын нысандарды жобалауға, салуға тендерлер ұйымдастыру және өткізу. Аудан әкімінің жанында өтетін отырыстарға әзірлікті қамтамасыз етеді, өздері бағыттап отыратын мәселелер бойынша хаттама жазады, тендерлік комиссияның отырысына құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Құрылыс, газбен жабдықтау мәселелерімен шұғылданады. Құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделі қорғау мәселелері бойынша инспекцияларының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен және лицензиялау органдарымен қарым-қатынаста болу. Тиісті аудан аумақтарына құрылыс-жинақтау жұмыстарын игеру кезінде құрылыс заңнамалары нормаларының, сметалық-техникалық нормативтердің және заңнама бекітілген тәртіппен құрылыс және басқа да жобалық құжаттардың орындалуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету. Бекітілген жобалы-сметалық құжаттарына сәйкес және  ҚН и Е талаптарына, құрылыс тәртібін, жайландырудың аудан аумақтарына объектілердің құрылыс нысандарын салу жобаларын қадағалауды жүзеге асыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңға қайшы келмейтін құрылыс істерін жүргізу. Қаржының мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау. Қажеттілігі шегінде басқа да қызметтер атқару.
Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
    1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
   2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
    3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
    4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы«E-R-4» санаты, (индексі  13-0-5), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 (min) теңгеден 99106 (max) теңгеге дейін        

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей талаптар белгіленеді:

      жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.     
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Техникалық  ғылымдар және технология: ақпараттық жүйелер, есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету не әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, қаржы, жергілікті мемлекеттік басқару, менеджмент не құқық: құқықтану, халықаралық құқық    мамандықтары бойынша.      
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Функционалдық міндеттері:  
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес қаржыландыру жоспарын әзірлеу, міндеттеме алатын ерекшеліктерге конкурс жариялау, келісім-шарттар жобасын әзірлеу, заңдылығын тексеру. Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсты ұйымдастыру, өткізу Мемлекеттік сатып алу ашық  конкурсынан өткен жеңімпаз мердігерлермен шарттарды жасап ресімдеу және оның орындалуын қадағалау. Мемлекеттік сатып алу-сату жұмыстары бойынша соттарға құжаттарды дайындау және соттарға  қатысу. Кәріздік сорғы станцияларын қайта құру, орнату жұмыстарын жүргізуді іске қосылуларын, жасалған жұмыстарын қадағалау. Барлық бөлімнің теңгеріміне алынатын объектілердің, нысандардың, ғимараттардың құжаттарын жасау (соларға тапсырыс беріп жасалуын) және оларды халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу. Өз жұмысын жоспарлау, өз құзіреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру. Жоғары органдардың шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен  өтініштер мен арыздарға уақытында жауап беру. Қажеттілігіне байланысты  басқа да қызметтер атқару.
Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы«E-G-3» санаты, (индексі  23-0-3), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957(min)  теңгеден 94109(max)  теңгеге дейін
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
      жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
           жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика  және бизнес: есеп және аудит, қаржы, экономика мамандықтары бойынша.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
         Функционалдық міндеттері:  
Әкім аппаратының бухгалтерлік есебін жүргізеді. Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексіне сай бюджеттік өтінімді және жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді. Мемлекеттік кірістер басқармасына тиісті есептерді, декларацияларды тапсырады. Әкім аппаратына түскен тапсырмаларды орындайды. Қазақстан Республикасының«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жұмыстарды жүргізеді, келісім-шарттар әзірлейді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жылдық жоспарды әзірлейді және оған өзгерістер еңгізеді. Өткізілген конкурстың қорытындысын шығарады және жариялайды.  «1-С Кәсіпорын 8» мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлік есебі бағдарламасы және «Қазынашылық-Клиент» жүйесімен жұмыс жасайды. Мемлекеттік мүлікті жалдауға берумен жұмыстанады, келісім-шарттарды дайындайды. Әкім аппаратының жұмысына қатысты өкімдердің жобасын әзірлейді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы кіріс шотына табыс көздерінің түсуін бақылайды. Жергілікті қоғамдастықтың ревизиялық (мониторинг) комиссиясымен кіріс көздерінің тиімді пайдаланылуынаықпал етеді.Әкім аппаратының негізгі құралдарын түгендеу мен есептен шығаруын уақытылы орындайды.Әкім аппаратының мөріне жауапты.Әкім аппаратына түскен хаттар, ұсыныстар және басқа да өтініштер мен арыздарға уақытылы жауап береді. Қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді атқарады
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • нысан бойынша жазылған өтініш;

тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық  комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты(біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Бөрлі ауданы әкімі  аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
 Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттары қабылданады.          
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.