Басты ұстаным – әділдік, парасаттылық және сенім

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен сұхбат)

 

 

  

– Алик Жатқамбайұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік органдардың қызметін қоғамның сенімін арттыруға бағытталғаны белгілі. Жалпы, бұл жөнінде не айтасыз?

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағатталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып саналады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы қалыптасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық тәжірибесіне әлем мойындаған халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізу басты шарттардың бірі.

Қазірг таңда агенттік азаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін тиіст шаралар қабылдауда. Біздің миссиямыз – «Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою». Оны іске асыру жұмыстың жаңа тәсілдері мен құралдарын қажет етеді. Сондықтан да, біз тәсілдерді, қалыпты жұмыс істеудің тұтас тізбегін өзгертудеміз. Жұмыстың барлық бағыты өзгеруде. Біз озық тәжірибеге сүйене отырып, агенттікте Парасаттылық, Превенция және Серіктестік деп аталатын үш жаңа департамент құру туралы шешім қабылдадық. Біздің барлық бастамаларымыз айқын құндылықтарымыздың призмасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл – әділдік, парасаттылық және сенім...

БҰҰ Даму бағдарламасы кеңсесінің қолдауымен биыл Transparency Kazakhstan жүзеге асырған "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйінің мониторингі" зерттеуінің мәліметтері сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы, нақтырақ айтқанда 54,4%-ы сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін көрсетті. Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 76%-ы Қазақстанда пара бермей, тек құқықтық салада жұмыс істей отырып, өз бизнесін дамытуға болады деп есептейді. Олардың пікірінше, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (72,4%), Үкімет (62,8%), Nur Otan партиясы (54,7%) және бұқаралық ақпарат құралдары (54,4%) ықпал етуде.

Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуға дайын азаматтар саны артуда. Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын қоңыраулар көбеюде. Мәселен, биылғы 10 айда агенттіктің 1424 нөмірі бойынша call-орталығына мұндай жағдайлар бойынша 600-ден аса адам хабарласты, бұл тұтастай 2018 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Егер 2018 жылы мұндай хабарламалар бойынша 32 сотқа дейінгі тергеу қолға алынса, биылғы 10 айдың өзінде қылмыстық істердің саны 46-ға дейін жетті. Мұны мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына көрсетіліп отырған сенім деңгейінің маңызды көрсеткіші деп санаймын.

Бағдарымызды айқындайтын міндеттер алдымызда айқын көрініп тұрса да біз оған енжар, баяу «жүзіп» бара жатқан сияқтымыз...

– Еуропа мемлекеттері сыбайлас жемқорлықты неғұрлым азайтуға жүздеген жылдарын сарп етті, бірақ одан әлі күнге дейін ешкім толық құтылған жоқ. Көптеген еуропалық сарапшылар жасалып жатқан шараларға қарамастан, Еуропалық одақтағы сыбайлас жемқорлық біз ойлағаннан әлдеқайда ауқымды әрі терең таралғаны туралы қорытынды жасауда. Жыл сайын парақорлық, қызмет бабын асыра пайдалану және ысырапшылдықтың мыңдаған оқиғалары тергеледі. Әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тек дамушы мемлекеттерде ғана емес, озық дамыған елдердің өзінде кең таралғанын айғақтайтын халықаралық ұйымдардың арнайы баяндамалары мен есептері, зерттеулері жиі жарияланады.

Менің ойымша, біз сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тұлғаларды жауапқа тарту тәжірибесін қоғамда превенция мен парасаттылықты дәйекті дамытумен ұтымды үйлестірудің дұрыс стратегиясын таңдадық. Нәтижелер айқын көрінуде. Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы «Мемлекеттік басқару индикаторлары» (The Worldwide Governance Indicators) зерттеуіне сәйкес Қазақстан «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы бойынша өз көрсеткіштерін едәуір жақсартты. IMD (IMD World Competitiveness Ranking) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша еліміз тек ТМД елдерімен ғана емес, Оңтүстік Корея, Израиль, Испания және т.б. мемлекеттермен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие болды.

Сингапурдың сыбайлас жемқорлық оқиғаларын тергеу бюросы салыстырмалы түрде аз ғана уақытта зор нәтижелерге қол жеткізді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің осы үлгісін біздің жағдайға бейімдеуге болмай ма?

– Сингапурда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді іріктеу және оларды әрі қарай қызмет бабында өсірудің белгілі бір кезеңінде маңызды рөл атқарған. Қазақстанда құқық қорғау органдарына мұндай құзірет беруге әлі ертерек. Турасын айтқанда, біз бұған әлі дайын емеспіз. Сондай-ақ әкімшілік бөлініс бірліктері өте көп, есесіне тұрғындарының саны барынша аз, құрлықтағы ұланғайыр аумақпен салыстырғанда шап-шағын аралда орналасқан бір ғана қаланың тұрғындарын бұл жұмысқа тарту деңгейі мен ұйымдастыру тиімділігінің коэффиценті бәрібір жоғары болатынын ескерген жөн.

Әр елдің өз ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен мемлекеттер қатарына қосылу үшін өзінің тиімділігін көрсеткен ұстанымдар мен қағидаттарды, әмбебап тетіктер мен құралдарды белсенді қолдана бастады. Алайда, атқарылған жұмыстарға көңіл тоғайтып отыруға болмайды. Кең ауқымды автоматтандыру үдерісі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлықты төрттен үш деңгейіне дейін азайтуға мүмкіндік берді. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігі біршама артты. Мемлекеттік аппаратты жемқор шенеуніктерден тиянақты түрде тазарту соңғы жылдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының тұрақты төмендеуін байқатады. Қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қатынасы өзгеруде. Яғни, жұмысымыздың стратегиялық бағыты дұрыс қойылған.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері тақырыбын қозғалғанда таяу арада заңнамаға қандай елеулі өзгеріс енгізіледі және ол бізге не береді деген сауалдарды айналып өте алмаймыз. Осы туралы баяндап берсеңіз.

– Биыл 20 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру туралы жиналыс өткізіп, бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік органның бірінші басшыларының жұмыстан кетуі институтын енгізу туралы тапсырма бергенін білесіздер. Дәл қазір осы норманы іске асырудың нақты тетіктері айқындалған заң жобасы Президент Әкімшілігінің қарауында жатыр. Ол бойынша, егер мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша сотталса, оның тікелей басшысы жеке басымен жауап беретін болады. Егер бұл жағдай әкімшілік мемлекеттік қызметшіге жататын басшыда болса, онда ол жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қоса, мемлекеттік орган басшыларының өзіне бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту міндеті енгізілуде. Бұл шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұмылдыруды күшейтудің тағы бір түрі жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеу жүйесін өзгерту болмақ. Егер қазіргі таңда мұндай жағдайдағы көтермелеудің жоғары сыйақысы 250 мың теңге болса, таяуда бұл сома бірнеше миллионға артады. Осы ретте, агенттіктің ықпалымен жақында мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орнына смартфон алып кіруге қайтадан рұқсат берілетінін атап өткім келеді. Біздің ойымызша, бұл жұмыстың, әсіресе азаматтармен қарым-қатынас мәселелерінің жылдамдығын біршама арттырады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерін жою, атап айтқанда экономикадағы мемлекеттің қатысуын қысқартуға, қолма-қол ақшаның айналымын азайтуға, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын біршама арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдарды оңтайландыруға қатысты жұмыстар жалғасады. Агенттікте, экономикалық тергеу қызметі мен өзге де бақылау-қадағалау органдарында жүргізілген штат санын оңтайландырудың өзі бизнеске қысымды біршама азайтты.

Агенттік кешенді іске асырылуы сыбайлас жемқорлық деңгейін біршама төмендетуге мүмкіндік беретін басқа да заңнамалық шараларға бастамалар жасады. Олардың ішіндегі ең бастылары – заңсыз баюға азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізу, барлық мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстары туралы декларациясын жариялау міндеті, сондай-ақ Integrity Testing/Check немесе кәсіби сатылмаушылыққа тексеру институтын енгізу.

Жалпы, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа түбегейлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін жаңа «навигациялық» технологияларды меңгере бастадық. Әңгіме криминологиялық қырынан басқа да сан алуан аспектілері бар осынау күрделі әлеуметтік індеттен мемлекет пен қоғамды құтқару жолындағы ауқымды және жүйелі жұмыс туралы болып отыр. Осы орайда, біздің жұмыстарды ұйымдастыруға жаңа тәсілдер қажет болды. Бұл жазаның бұлтартпай қолданылу қағидасының құнсызданғанын білдірмейді, бірақ жемқорлармен күрес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да тәсілдері мен формаларын кейінге ысырмауға тиіс. Сондай-ақ қазір агенттіктің штат санының 80%-тен астамы жедел-тергеу бөлмшелеріне және тек 10% ғана превенция саласына тиесілі. ЭЫДҰ елдерінде бәрі керісінше.

Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мониторинг жасау, жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, жемқорлыққа қарсы күреске қоғамды кеңінен тарту міндеттері алдыңғы қатарға шығуда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша біз берген ұсыныстардың негізінде тек биылдың өзінде 37 нормативтік құқықтық актіге нақты өзгерістер енгізілді. Бүгінгі таңда агенттік көлемді бюджеттік қаражат бөлінетін ұйымдарға – квазимемлекеттік секторға, орталық органдардың комитеттері мен әкімдіктерге баса назар аударатынын атап өткім келеді. Тек соңғы бір жарым жылда облыс әкімдерінің 3 орынбасары, 2 жауапты хатшы, 7 комитет төрағасы мен оның орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

– Жаңа өзгерістердің бәріне сақтықпен қарау таңсық емес. Әңгіме сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырудағы тәсілдердің түбегейлі өзгеруі туралы болып отыр. Қазір «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен қорқуды қойды» деген сөздер таралуда. Сіз бұл туралы не айтасыз?

Мен бұл сұрақтарға жоғарыда жартылай жауап беріп өттім. Көне заманның көрнекті ойшылы Сунь-Цзы «соғыс дегеніміз – айла-шарғының жолы, ол жеңгендердің жоғары әскери өнер көрсеткенін білдірмейді. Ең қиыны әрі маңыздысы – қарсыластың шабуылына жол бермеу» деген екен. Өз халқымызға қарсы «соғыс» бізге керек емес...

Жоғары лауазымды шенеуніктердің тағы бір тобын түрмеге тоғытсақ та, біз жемқорлыққа төтеп бере алмаймыз. Ол одан сайын құйтырқыланып, жаңаша түрлене түседі... Менің ойымша, бізге сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алды алу, оған жол бермеу маңызды мәселе. Адамды түрмеге тоғыту мақсат емес, керісінше біз ол адамды осы қауіпті қадамнан қорғап, жемқорлыққа бейімдікті мүмкін емес немесе мәнсіз етуге тырысуымыз керек. Қоғамның кез келген мүшесінің қасіреті оның қаншалықты түсінгеніне қарамастан, барлық қоғамға моральдік соққы береді.

Оның үстіне, біз қоғамда қорқыныш тудырудан аулақпыз. Жекелеген азаматтардың санасында белгілі бір пікірге ие болса да, бұл күмәнді әрі қарабайыр көрінеді. Ал тарихи санаға жүгінсек, қазақ халқы әрдайым сенімге сүйенген. Біздің негізгі күш-жігеріміз жемқорлықты болдырмауға, бола қалған жағдайда оны адамға барынша тиімсіз етуге бағытталған. Сондықтан, біз табысты мемлекеттердің басым бөлігінде сыналған жұмыстың тәсілдері мен формаларын қарқынды енгізе бастадық. Олар біз бой түзейтін елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізіне айналған.

Сіздер парасаттылық ұғымын ілгерілету бойынша жұмысты агенттіктің шешуші басымдықтарының бірі ретінде белгіледіңіздер және тиісті департамент құрдыңыздар...

Заңды мүлтіксіз орындаудың астарында оның рухын түсініп, пайымдау жатыр. Адам тек тапсырылған алгоритм шегінде ғана жұмыс істейтін машинадан осы қабілеті арқылы ерекшеленеді. Тек заңның рухы ғана қандай да бір әрекеттің көңілге қонымдылығын айқындайды. Біз адамгершілік құндылығынсыз заңға құрмет болуы мүмкін емес деп санаймыз. Парасаттылық дегеніміздің өзі не? Бұл ар-ұят, адалдық және ақшаға сатылмау секілді жеке қасиеттермен сипатталатын жан тазалығы. Ол адамның мінсіз мінез-құлығынан, адалдығы мен тектілігінен көрінеді. Парасатты адамға терең көзқарас пен ішкі жоғары мәдениет, заңға, этикалық және моральдік ережелерге құрмет тән. Бұл жөнінде таяуда танымал режиссер Ермек Тұрсынов өзіне «сыбайлас жемқорлық деген не?» деген сұрақ қойып, оған «бұл мәдениетсіздікпен және адамгершіліксіздікпен күрес» деп қысқа әрі нұсқа жауап берген болатын.

– Қазір сыбайлас жемқорлықтан гөрі парасаттылық туралы көбірек айтыла бастады. Агенттік қызметкерлерінің басқа мемлекеттік органдарға барып нақты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сараптау мен жоюдың орнына «қане, сіздердің парасаттылықтарыңызды көрейік...» деп тұрғаны елестейді...

– Біріншіден, «парасаттылық» терминінің басқа да қыры бар. Ағылшын тілі сөздігінде integrity (парасаттылық) сөзі тұтастықты білдіреді. Сондықтан, егер медициналық терминологияны қолданатын болсақ, кез келген жүйенің бастапқы күйін зерттеп, жалпы скрининг өткізу арқылы біз оның иммунитетіне қауіп төндіретін аурудың анық және күшті ошақтарын, сондай-ақ емдеуді қажет ететін бүлінген органдарын нақты анықтай аламыз. Екіншіден, халықаралық тәжірибеде «білімдегі парасаттылық», «медицинадағы парасаттылық», «сот жүйесіндегі парасаттылық», «бизнестегі парасаттылық» деген түсініктер біршама кең таралған. ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа кереғар ұғымды, яғни құқығын асыра пайдаланудың алдын алу үшін қабылданған саясаттың күшті және әлсіз жақтары ретінде сипатталатын парасаттылықты бағалауды біршама тиімді деп таныды. Үшіншіден, сол ЭЫДҰ сарапшылары парасаттылықты сыбайлас жемқорлыққа қарағанда едәуір сындарлы және жағымды түсінік, біршама жоғары деңгейдегі тұжырымдама деп санайды. Мұнымен келіспеу мүмкін емес. Парасаттылықты зерттеу ынтымақтастық пен өзара түсіністікке шақырады.

Парасаттылық қоғамдық көзқарастардың басымдығына бағытталған мемлекеттік басқарудың барлық заманауи жүйесінің іргетасы. Әңгіме азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениеті мен тиісті құқық қолдану тәжірибесі туралы болып отыр. ЭЫДҰ саясаты да осыған саяды. Мұнсыз ауқымды әлеуметтік өзгерістер жүзеге аспайды. Парасаттылық біздің ашық әрі әділетті қоғамға қадам басуымызға кедергі болатын барлық нәрсеге түбегейлі қарсылықты білдіреді. Біз мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындылығын және есептілік деңгейін көрсететін мемлекеттік органдардың жария парасаттылық рейтингін анықтау әдістемесін әзірлеуді алғашқы қадам ретінде қарастырудамыз. Парасаттылық мемлекеттік қызметкершілер басшылыққа алатын адамгершілік құндылығына айналуы тиіс. Әрине, тек оларға ғана емес, мәселен, жекелеген ұлттық компанияларда квазимемлекеттік секторда парасаттылықты қамтамасыз етудің тиімді құралының біріне айналуға тиісті тәуелсіз комплаенс-қызметтері жұмыстарын бастады. 

– Парасаттылық департаментінен басқа сіз Серіктестік департаментін құрдыңыз. Тағы да атау туралы сұрасақ. Бұл сәнге ілесу ме әлде жаңа тренд пе?

– Жалпы, жоғарыда атап өткенімдей, агенттіктің құрылымын қалыптастыру барысында алдын алу, ағарту және қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды ұтымды үйлестірген шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың біршама табысты үлгілерін негізге алдық. Бұл – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі саналатын мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруге қажетті шарт. Серіктестік мүдделер мен мақсаттардың сәйкестігі негізіндегі бірлескен қызметтің жоғары қарқынын білдіретіндіктен, әдепкі ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікке қарағанда әлдеқайда нәтижелі болады. Серіктестік дегеніміз, бұл – ортақ жауапкершілік пен бірлескен даму. Біз өз қызметімізде үкіметтік емес сектордың, бизнес-қоғамдастықтың және сарапшылардың қарым-қабілетіне сүйенеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы және парасаттылық мәдениетін насихаттаудағы жұмысымыздың алға басуы осының айғағы. Біз қоғамдастықтың біздің жұмысқа қызығушылығы мен жұмылуын біршама күшейтіп, өзара ықпалдастықтың жаңа деңгейіне шығарғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің арнайы мониторингтік топтар (еліміздің барлық өңіріндегі қоғам белсенділері), сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық, "Жаңару" қоғамдық бірлестігі, "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры" ҚҚ, Nur Otan партиясының Жастар қанаты, парасаттылық мәдениеті бойынша лекторлар пулы секілді және т. б. сенімді серіктестеріміз бар.

Бұл ретте біздің 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруға сырттай сараптау мен бағалау жүргізетін арнайы мониторинг тобымен бірлескен жұмысымызды атап өтуге болады. Оған танымал қоғам қайраткерлері мен сарапшылар кірді. Өңірлерді қоса алғанда, бұл жұмысқа 3 мыңға жуық адам тартылған. Біз оларға көптеген игі бастамалары үшін ризамыз. 

Өзгерістер драйверінің легіне біздің «Адалдық алаңы» жобасы да кіреді, оның аясында «Protecting business and investments» және «Адал жол», «Саналы Ұрпақ» бастамалары іске асырылуда. Бұл жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және түрлі саладағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған. Мәселен, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым бюджетін пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында "Парламентаризмді дамыту қоры" ҚҚ бастамасымен және Нидерланды елшілігінің қаржылық қолдауымен "Ашық бюджеттің интерактивті картасы" (www.publicbudget.kz) еліміздің барлық өңірінде енгізілді.

Бір жылдан да аз уақытта «Адалдық алаңы» жобасының бастамасымен елімізде 686 open space кеңістіктері, 70 сервистік әкімдіктері ашылды. Бұл – тұтынушыға шынайы бағдарланған мемлекеттік сервиске өту бойынша ауқымды жұмыстың басы ғана. Мен тек бір-екі мысал келтірдім. Қалай болғанда да, агенттік құрылымында Парасаттылық және Серіктестік департаменттерінің пайда болуын Қазақстанның құқық қорғау органдары үшін мүлдем тың оқиға деп бағалауға болады. Бұл – біздің жұмысымыздағы басымдықтардың әжептәуір өзгергенінің көрінісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында түбегейлі бетбұрыс пайда болғанының бастапқы белгілері. Тұрғындардың бұл індетке қатынасы өзгеріп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың саны азайып келеді. Демек, біздің бағытымыз дұрыс.

– Ал салада азаматтардың өтініштерімен қандай өзгерістер пайда болды?

Президенттің тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері түбегейлі қайта қаралды. Біздің мақсат – агенттікке шағымданған әр азаматтың үнін есту және тіпті мәселе біздің құзіретімізге кірмейтін жағдайда да көмектесуге тырысу. Мен азаматтарды апта сайын, ал менің орынбасарларым күн сайын қабылдайды. Басқа қаланың тұрғындарын қабылдау ыңғайлылық үшін видеобайланысы арқылы жүзеге асырылады, бұл олардың уақыты мен жол шығындарын үнемдейді.

Агенттіктің қызметкерлері азаматтық сектордағы біздің серіктестерімізбен бірлесіп, сондай-ақ «Халық заңгері» атауына ие болған ауқымды түсіндіру науқаны арқылы халыққа құқықтық көмек көрсету үшін ауылдарға баруды бастады. Агенттіктің 1424 сall-орталығының операторлары азаматтардың шағымдарын тәулік бойы қабылдайды. Әлеуметтік желідегі кері байланыс тұрақты негізде қамтамасыз етіледі. Біз әр сауалды, әр өтінішті жан-жақты талқылап, ондағы мәселені шешуге тырысамыз. 3 мыңнан астам азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру осының айқын дәлелі.

Әңгімелескен

Жолдыбай БАЗАР,

 

«Egemen Qazaqsan»

 

 

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы https://publicbudget.kz

 

Бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Бұл бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.

 

 

 

 

БІЗДІҢ МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» кіріспесінде оның қоғам мен мемлекеттегі  түбегейлі өзгерістерді қалыптастыратыны айтылған, олардың басты мақсаты – жүйелі аурулардың сыртқы белгілерін жуып-шаю емес, оны емдеу болып табылады.
Дамыған 30 елдің қатарына кіруге жол ашатын, кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына бөгет болатын осындай жүйелі мәселелердің бірі - халыққа тиімді және адал қызмет ету идеясын құнсыздандыратын мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақыдеңгейінің жеткіліксіз дәрежедегі бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.
Бұл - мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің кәсіби дәрежесінің төмен деңгейінің және олардың жемқорлыққа ұшырау себептерінің бірі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз осы мәселені шешудің кешенді амалдарын қарастырдық.
Біріншіден,кадрларды іріктеу және жоғарылату барысында біліктілік тәсілі енгізілді. Маманның білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар оның өз білімін күнделікті қызметте қалай қолданатынын және осыған қажетті дағдылары мен қабілеттерінің болуын анықтаудың маңыздылығымен келіспеу мүмкін емес. Нәтижелі жұмыскер болу үшін теориялық білім жеткіліксіз. Мысалға, көшбасшылық саласындағы маман әрқашан көшбасшы болуға қабілетті емес.
Екіншіден, мемлекеттік органдардың қызметшілерін бағалау жүйесін қайта қарастыру іске асырылды.Бұл жүйенің кемшіліктері айқын. Мемлекеттік қызметшінің атқаратын жұмысының нәтижелілігіоның ұйымның стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға қосқан жеке үлесіне әділ баға беруге мүмкіндік бермейтін ресми көрсеткіштерге орай анықталды.
Біз маманның кәсіби қалыптасуын ғылымға негізделген тексеру жүйесін енгізу арқылы осы және басқа кемшіліктерді жойдық.Бұл жүйенің сапасы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау барысында сыналды.
Мемлекеттік органдардың қызметшілерін қаржылық ынталандыруды күшейту қажет болды.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын олардың қызметінің нәтижелеріне байланысты көтеру Ұлт жоспарында көрініс тапқан түйінді міндеттердің бірі екендігі белгілі. Оны шешу Мемлекет Басшысының біздің барлық жұмысымыз халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс деген нұсқауы тұрғысында айрықша өзектілікке ие болады.
Ол үшінеңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленді, пилоттық режимде Агенттікте, Әділет министрлігінде, Астана қаласының және Маңғыстау облысының әкімдіктерінде енгізілді.
Ол екі бөліктен тұрады: факторлы-балдық шкала негізінде анықталатын «тұрақты» және бір жыл ішінде атқарған жұмыс нәтижелері бойынша кем дегенде 4 жалақыдан жоғары бонус төлеуге байланысты «ауыспалы».
Пилоттық жобаның мәні неде?Жаңа жүйенің үш айқындаушы факторы бар. Олқұзыреттілік пен жұмыс тәжірибесі, шешілетін міндеттердің ауыртпалық деңгейі және нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілік деңгейі.
Аталған факторлар бойынша «ұпайлар» жиынтығыеңбекақы төлеудің жаңа кестесіндегі лауазымның орнын айқындайды. Ол 4 блокқа біріккен: жауапты хатшылар, аппараттардың басшылары мен комитеттердің төрағалары кіретін жоғары басқарушы, негізгі, жәрдем берушіжәне қосалқы.
, Қызметінің тиімділігі ұйымның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі үшін түйінді болып табылатын негізгі салалық бөлімшелердегі жұмыс, әрине,жәрдем беруші және қосалқы құрылымдардағы жұмыспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары төленетін болады.
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу не береді?
Біріншіден, материалдық ынталандырудың пәрменді тетігі құрылады. Біз бірінші рет жұмыстың сипатына, ауыртпалық деңгейіне және тиімділігіне қарамастан, барлығы тең дәрежеде жалақы мен сыйақы алатын теңестірілген тәсілден бас тартамыз.
Мысалға, мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқаратын департаментінің сарапшысы, құжаттарды тіркеу мен жіберу бойынша міндеттерді атқаратын канцелярия бөлімінің маманыменбірдей еңбекақы алады. Біреуі тиімді басқарушылық шешімдерді тұрақты іздеумен айналысса, екіншісі әзірленген дайын алгоритм шеңберінде әрекет етеді. Сыйақыға байланысты жағдай да осындай.
Яғни, әділеттіліктің негізгі қағидасы бұзылады.
Екіншіден, жаңа моделді қолдануаймақтардағы және орталықтағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысындағы үйлеспеушілікті70%-дан 10%-ға дейін түбегейлі қысқартуға мүмкіндік береді. Ол «орталық-аймақ-орталық» қағидасы бойынша кадрлар айналымы тетігін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, осы жолмен біз мемлекеттік қызметтіәсіресе талантты жастар үшін еңбек нарығындағы тартымды, бәсекеге қабілетті ойыншы ретіндетаныстыра аламыз.Бүгінгі күннің өзінде пилоттық органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі есе артты.
Ол еңбекке деген қатынасты түбегейлі өзгертеді, яғни заманауи адамды жетістікке жетелейтін жасампаздық пен көшбасшылыққа шақырады.
Әрине, санаулы айлар ішінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандырудың үздік моделіқұрылады деп есептеу қателік болар. Сол себепті бұл жобаны жүзеге асырудың барлық мәселелік жақтарын талдап, әрі қарай оныбарлықмемлекеттік аппарат ауқымында іске қосу үшін пилоттық режимде енгізілді.
Пилоттық жобаның аралық нәтижелері қызметшілердің адал және тиімді еңбек етуге талпынысын, сонымен қатар бәсекенің артуын көрсетіп жатқанын атап өткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда кадрлардың ауысуы шамамен 3 есеазайды, ал Әділет министрлігінде ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет жүйесінен бір де бір адамкетпеген.
Бір орынға жарияланған байқауғаүміткерлер саны 55, олмемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен абыройының артуын дәлелдейді. Реформаның жоғары тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі- пилоттық жобаны жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдардан сұрастырылған жұмысшылардың 95%, оның нәтижелеріне қанағаттануында.
Факторлық-балдық шкала шеңберінде жалақының артуына қарамастан ағымдағы жылы Агенттіктің штат санын толықтыруға мараторий жүргізу арқылы орталықта 30% және аймақтарда 10% оңтайландырдық, бұл орталық аппараттың орындаушылық сатысындағы қызметшілердің жалақысын 60%-ға, аймақтық департамент қызметшілерінің жалақысын 10%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
Бұл бағыттағы келесі қадам кадр қызметтерінің жұмысын қолданыстағы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі негізінде жалпы қызмет көрсету орталығының үлгісіне ауыстыру болды.
Шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткендей,жеке компаниялар мен мемлекеттік мекемелердің адамзаттық капиталы сапасын айтарлықтай арттыруға қол жеткізу, сонымен қатарHR-саясат саласында шығындарды азайтуқызметкерлерді басқарудың интеграцияланған жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Ол қызмет көрсетуорталығының жалпыға ортақ модельдерінің бірі. Мысалы, Нидерландыда қызметкерлерді басқару саласында қызмет көрсететін осындай орталықты құру мемлекеттік мекемелердің аталған қызметті атқаратын жұмыскерлерсанының 50 пайызға қысқаруынажәне 250 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаражаттың үнемделуіне алып келді.
Біздің жобаны жүзеге асыру HR-үрдістеріне жұмсалатын шығынды қысқартуға мүмкіндік береді.
Қызметкерлерді басқарудың интеграцияланған жүйесінің жұмыс істеуі шеңберіндегі кадрлық іс-жүргізуді орталықтандыру мемлекеттік органдардың құрылымы мен қызметшілерін оңтайландырудың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болмақ. Біздің есебіміз бойынша, аталған модельді барлық мемлекеттік қызмет ауқымында қолдану кадр бөлімдерінің қызметкерлерін және жалақы төлеу бойынша бухгалтерлерді шамамен4600қысқартып, жыл сайын5,5 млрд. теңге үнемдеуге алып келеді.
Оңтайландыру бойынша кешенді жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының жаңа жүйесін енгізу бойынша жобаға қатысатын әкімдіктерде де жүргізілуде.
Осылай,өзгертудің арқасында Астана әкімдігі басқармаларының саны30-дан 21-ге дейін қысқарды. Артық басқарушылық құрылымдар оңтайландырылды, қосарланушылық жойылды. Агенттікке ұқсас қызметшілерді басқарудың бірыңғай қызметі, сонымен қатар бақылау саласында Бірыңғай орган құрылды. Халықпен кері байланыс құруға арналған «I-komek» бағдарламасы іске қосылды.
Маңғыстау облысында басқарушылық құрылымдарды оңтайландыру, бизнес-үрдістерді автоматтандыру жүргізілуде, аудандар қағазсыз құжат алмасу жүйесіне ауысуда.
Бақылау-қадағалау міндеттерінің қысқаруы, қосарланушы міндеттердің жойылуы, міндеттерді бәсекелі ортаға жіберу және әрі қарайцифрландыру мемлекеттік органдардың құрылымдары мен штат санының оңтайландырылуына, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыруға арналған қажетті қаржы қорының пайда болуынаәкеледі.
Лауазымдары қысқартылатын мамандарды әлеуметтік қорғау мақсатында біз бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп оларды қайта оқыту және әрі қарай жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешудеміз.
Жалпы факторлы-балдық шкаланы енгізу бойынша жұмыстымемлекеттік органдардашығындарды оңтайландыру есебінен қарастырылатын қаржының болуын есепке ала отырып, кезең-кезеңімен өткізуқарастырылған. Соның өзінде Президенттің 2007 жылғы 29 наурыздағы «Әкiмшiлiк реформаны одан әрі жүргізу жөнiндегi кейбір шаралар туралы» Жарғысына сәйкес еңбекақы төлеудің қолданыстағы қорының бюджетке қайтаруды қажет етпейтіндігін, яғни мемлекеттік органдардың теңгерімінде қалдырылатындығын ескертіп өткен жөн.
Мансаптық модельді құрудың әлемдік тәжірибесі бойынша мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды арттырумен қатар, олардың әлеуметтік қорғалуының деңгейін де арттыру қажет. Сол себепті қазіргі уақытта Президент Әкімшілігінің қолдауымен Агенттік мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамту деңгейін жақсарту бойынша шаралар әзірлеуде.
Баспаналы болу және зейнетақы тағайындау, балабақшаларда орындармен қамтамасыз ету, аймақтарда денсаулықты қалыпқа келтіру үшін жағдайлар жасау барысында жеңілдіктер ұсыну сөз болып отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасын, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру маңызды серпіліс бермек. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-мен бірлесіпәскери қызметшілер мен арнайы органдардың қызметшілеріне арналған бағдарламалар сияқты әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге арналған «5-5-25» ипотека мәселесін әзірлеу шаралары басталды.
Жаңа еңбекақы жүйесін қосқанда, мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің ынтасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін болады.
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын орташа деңгейде екі есе арттыру бойынша реформаны толыққанды жүзеге асыру 220 млрд. теңге қосымша қаржыны талап етеді. Қаражат мөлшері ауқымды, бірақ, оны тіпті бюджетке ауыртпалық түсірмей-аққарастыруға болады.
Аталған жұмыс Ұлттық экономика министрлігіндеАгенттікпен бірлесеМемлекет басшысының мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдарды оңтайландыру мен нығайту туралы тапсырмасы аясында орындалып жатыр. Біз бастапқы кезеңде бос жұмыс орындарын қысқартудыдұрыс деп есептейміз. Олардың мөлшері шамамен 12 мың. Ол бірден 13 млрд. теңгені бөлуге мүмкіндік береді.
Бағынысты ұйымдарды оңтайландыру тұрғысынан, олардың ұйымдық-құқықтық нысанын коммуналдық мемлекеттік мекемеден (КММ) коммерциялық емес акционерлік қоғамға (КЕАҚ) өзгерт тиімді шаралардың бірі болып табылады.
КЕАҚформатында жұмыс істеудің негізгі артықшылығы - басқарудың икемділігі, бюджетті бөлудегі тәуелсіздік, қызметкерлерді бәсекеге қабілетті жалақымен қамтамасыз ету және қызметкерлер санының азаюту мүмкіндігі.

Мысалы, осы өзгерістің нәтижесінде Астана әкімдігі Балалар үйінің басшылығы қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын арттырды. Салдарынан 90 млн. теңгеге үнемділік жасалып,  өрт қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге, үй-жайларды жөндеуге және жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын жақсартуға, биометриялық қол жеткізу жүйесін енгізуге бағытталған. Ең бастысы, қолда бар бюджетпен қызметкерлердің жалақысын 3-4 есеге көтеру мүмкіндігі болды. Егер бұрынғы еңбекақы 33-тен 120 мыңға дейін болса, бүгінгі күні 120-дан 450 мыңға дейін жетіп отыр. Астанылық балалар үйінде жүргізілген бұндай жұмыс басқа мемлекеттік мекемелер үшін үлгі бола алады деп ойлаймын.

Жоғары ынталанған мемлекеттік қызметші, өзінің мансаптық және материалдық келешегінің тұтас және толығымен ұйымның мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан өз үлесіне, әлеуеті мен жеке қасиеттеріне баға беруге тәуелді екеніне сенімдіболған жағдайда өзінің абыройын бағалап, әрқашан өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын дамытуға талпыныс жасайтыныешбір күмән туғызбайды. Бұл - біздің атқаратын еңбегімізден күтілетін нәтиже.

Алик Шпекбаев
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы


Қазақстанда іске асырылып  жатқан қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Транспаренси Интернешнлде оң баға алды

2018 жылғы 22 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі ресми жарияланды, оған сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты.
Транспаренси Интернешнл барлық әлем бойынша сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне зерттеу жүргізетінін және осы жылы бағаланған елдердің саны 180-ге дейін өскенін атап өткен жөн.
Бұл ретте, 2017 жылғы СТИ-де бір де бір ел 90-нан жоғары ұпайды иелене алмады, бұл сыбайлас жемқорлықтың әлімнің барлық елдеріне тән екенін дәлелдейді.
Өз кезегінде, Қазақстан 1999 жылдан бастап аталған рейтингтің қатысушысы бола тұра, алғаш рет 31 ұпайға қол жеткізді, бұл 30 ұпай бастапқы мәнді асып, барынша сыбайласқан елдердің категориясынан шығуға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы, өткен жылдағыдай, СТИ аккредиттелген 9 халықаралық рейтингтік агенттіктердің мәліметтерінің және сарапшылар мен іскерлік топтардың арасында жүргізілген пікіртерімдерінің негізінде құрылды.
Анықтама: Бертельсман Қоры, Менеджментті дамытудың халықаралық институты, Дүниежүзілік экономикалық форум,
Анықтама: Бертельсмана қоры, Халықаралық менеджментті дамыту институты, Бүкіләлемдік экономикалық форум, Демократияның алуан түрлілігі  жобасы, Freedom House, IHS Global Insight, "The Economist" журналы,  Саяси тәуекелдер қызметі, Дүниежүзілік сот төрелігінің жобасы.
Өткен жылы Агенттікпен барлық 9 халықаралық рейтинг ұйымдарымен өзара іс-қимыл бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды, оның ішінде Германия, Швеция, Швейцария және АҚШ ұйымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылған.
 Анықтама:
Германия: Бертельсман қоры; Транспэренси Интернэшнл штаб-пәтері.
Швеция: Демократияның алуан жобасы.
Швейцария: Дүниежүзілік экономикалық форум; Халықаралық менеджментті дамыту институты.
АҚШ: Дүниежүзілік сот төрелігінің жобасы; Фридом Хаус; Дүниежүзілік банк; Саяси тәуекелдер қызметі.
Олардың зерттеулер нәтижелері бойынша IHS Global Insight, Бертельсмана қоры, Халықаралық менеджментті дамыту институтының, Дүниежүзілік сот төрелігінің жобасы, Демократияның алуан түрлілігі  жобасы, «The Economist» журналының сыбайлас жемқорлық көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады.
Мұндай нәтижеге қол жеткізу азаматтық қоғамның, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік»  қалыптастыруда тиімді ынтымақтастықтың бастамасы болып табылады.

 

Сілтеме:
http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/kazakstanda-iske-asyryl-zhatkan-kazirgi-zamangy-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-sayasat


«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы брифинг

2018 жылдың 3 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы брифинг өткізді.
Департамент басшысы Агенттіктің бастамасымен «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылғандығын атап өтті.
Жобаның мақсаты – жалпы қоғамды құқықбұзушылықты бірлесіп жоюға шақыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Қазіргі таңда азаматтардың басым көпшілігі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Олар  Facebook, Instagram, ВКонтакте және тағы басқалары. Біз осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Б.Ә.Исақов қолда бар мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалана отырып, қоғамдық бақылау картасы үш негізгі жеке форматтарда жүзеге асырылатындығын айтты:
Бірінші – қоғамдық бақылау картасын белгілі әлеуметтік желілер және колл-орталық арқылы;
Екінші - қоғамдық бақылау картасын азаматтарға арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы;
Үшінші – қоғамдық бақылау картасын өңірлерде құрылған арнайы мониторингтік топтары арқылы.
Бірінші, қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым және жеңіл жолы әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану болып табылады.
Бүгінгі күні Агенттіктің аумақтық департаменттерінің әлеуметтік желілерде өздерінің парақшалары бар.
Арнайы телефон нөмірлері белгіленіп, белгілі Facebook, Вконтакте, Инстаграм әлеуметтік желілерінде арнайы парақшалар, WhatsApp, Телеграм мессенджерлері және 1424 арнайы колл-орталығы құрылған.
«Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асырудың келесі форматы «Qamqor» мобильді қосымшасын енгізу болып табылады. Ол Бас прокуратураның Статистика және арнайы есепке алу комитетімен дайындалған.
Мобильді қосымшасы арқылы кез-келген азамат мүдделі органдарға кез-келген құқықбұзушылықтар туралы фотосуреттерді жіберуге мүмкіндігі бар.
Үшіншіден, қоғамдық бақылау картасы өңірлерде құрылған арнайы мониторигтік топтары арқылы жүзеге асырылады.
Агенттіктің тапсырмасына орай, барлық облыстық  маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында өңірлік арнайы мониторингтік топтары құрылды.
Аталған арнайы мониторингтік топ құрамына барлық ауылдық округтердің белгілі және белсенді өкілдері енгізілген.

 

Сілтеме:
http://zko.kyzmet.gov.kz/kk/news/kogamdyk-bakylau-kartasyzhobasy-turaly-brifing


«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының 2017 жыл ішінде атқарған жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар бойынша жиын өтті

2018 жылдың 23 ақпанда Орал қаласы, облыстық мәслихаттың кіші мәжіліс залында «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының 2017 жыл ішінде атқарған жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар бойынша жиналыс өтті.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б. Исақов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Абдрахманов, Жәнібек аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Әліпқалиев, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары, облыстық және аудандық мобильді топ мүшелері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді Жоспар және «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді топтарының өткен жылға атқарған жұмыс қорытындылары және үстіміздегі жылға жоспарланған жұмыстары туралы», «Зеленов ауданында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының жұмыстары туралы» және «Ақжайық ауданында «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының және «Есіктен есікке» жобасы аясында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.
Шара қатысушылары өз ұсыныс-пікірлерімен алмасып, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар берілді.

 

Сілтеме:
http://zko.kyzmet.gov.kz/kk/news/parasyz-bolashakka-birgeuranymen-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-mobildi-toptarynyn-2017-zhyl


Агенттік ескертеді - Жасырын мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жасырылады

Жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алқа отырысын өткізді.
Алқа отырысы барысында ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың негізгі басымдықтарын атап өтті.
Азаматтық қоғам институттарының рөлі арта түскендігі ерекше атап өтті. Мысалы, 2017 жылы алғаш рет азаматтық қоғам өкілдерімен қызмет көрсету сапасын бақылау тәжірибесі енгізілді. Бұл көптеген ХҚКО, мемлекеттік кіріс мекемелері, табиғи монополия субъектілері және басқа да ұйымдардағы қызметті жетілдіруге ықпал етті. 900-ден астам тексерулердің нәтижелері бойынша 370 мың бұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша еңбек, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және азаматтарды тіркеу салалары аутсайдер болды.
Алик Шпекбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметті алушыларғажылдам әрі сапалы қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үдерісі жалғасатын болады.
Өткен жылы мемлекеттік қызметтің 72% электронды түрде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілгендіктен, бұл саладағы тұрмыстық жемқорлықты айтарлықтай азайтады. Жалпы алғанда, соңғы 3 жылда электронды түрде ұсынылатын қызметтердің саны 21% -ға, ХҚКО арқылы 12% -ға өсті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің 2 есе азаюына әкелді (2014 жылы 60%, 2017 жылы 28%).
Мемлекеттік қызметтердің тізілімін кеңейту мәселесі өзекті болып қалуда. Бүгінгі күні 746 мемлекеттік қызмет стандартталған және регламенттелген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдері әлдеқайда жоғары болатын жасырын қызметтерді анықтауда.
2017 жылы Агенттікпен 300-ден астам жасырын қызметтер анықталды. Негізінен инвестициялар және даму, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау министрліктері саласындағы қызметтерде.
Агенттіктің бастамасы бойынша, анықталған жасырын қызметтердің 54-і тізілімге енгізілсе, ал тағы 50-і - қосу кезеңінде. «Өзгерістерді ескере отырып, адамға және оның қажеттіліктеріне назар аударып, инновациялық және клиентке бағдарланған мемлекеттік қызметке уақытында көшуіміз керек», - деді өз сөзінде Алик Шпекбаев.

 

Сілтеме:
http://zko.kyzmet.gov.kz/kk/news/agenttik-eskertedi-zhasyryn-memlekettik-kyzmetterde-sybaylas-zhemkorlyk-tuekelderi-0


Жазалау орнына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының басым бағыты орта мерзімдегі жоспарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Агенттік Төрағасы жыл қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында «Цифрлық технологиялар мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының қызметінде жиі пайдаланылып, ашықтық пен жариялылық қағидасы жүйелі түрде енгізіліп келеді», - деп атап өтті.
Алик Шпекбаев сондай-ақ, есепті жыл үкіметтік емес сектор және қоғамдық ұйымдармен өзара белсенді іс-қимыл аясында өткендігін айтты.
Атап өтсек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнесті дамыту үшін айрықша маңызды деп саналатын 16 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалды. «Нұр Отан» партиясы білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қатынастары және әлеуметтік қорғау салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау жұмыстарын жүргізуге ықпал етті. Кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен осындай жұмыстар мұнай-газ, тау-кен-металлургия салаларында жүргізілді.
Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша үш мыңнан аса ұсынымдар дайындалып аталған мекемелер мен ұйымдарға жолданды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мазмұнын талдау олардың көбінесе рәсімдердің жетілмегендігі, дискрециялық өкілеттіктер және мүдделер қақтығысының бар болуына байланысты екендігін көрсетті. Қылмыстық істерді нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 12 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдап, бұл 9 заңға және 42 заңнамалық актіге түзетулер енгізуге негіз болды. Азаматтық альянстың қатысуымен өткен Азаматтық бастамалар конгресі өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудің бір тетігі болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру барысында этномәдени ұйымдар мен діни бірлестіктердің әлеуетін пайдаланудың алғашқы қадамдары жасалды. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп «Жолдағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша 10 қадам» жобасын іске асыру қолға алынды.  Кәсіподақ федерациясының қолдауымен барлық аймақтарда азаматтардың өтініштерін қарастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша мобильді топтаржұмысын бастады. Олар 6,5 мыңнан аса еңбек ұжымын қамтыды.
Сондай-ақ, кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басымдықтарын іске асыру барысында келесі іс-шаралар жоспарлануда:
- сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөніндегі жұмыстарға қоғамдық бақылау деңгейін арттыру мақсатындауәкілетті органның тиісті түсіндірмелері берілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тұрақты жаңартылатын көпшілікке ұсынылған ашық тізілімін құру;
- әкімшілік (тұрмыстық) сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстардың базалық үлгісіне айналатын «Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру. Бұл жобаға сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту, азаматтық бақылауды дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар кешені енгізілген. Сынамалық тәжірибеден кейін бұл үлгі барлық өңірлерге енгізілетін болады;
- «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған, ең алдымен ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде тиімді инфрақұрылымды құруға бағытталған. Басты назар әлеуметтік желілер және мессенджерлер көмегі арқылы азаматтармен өзара іс-қимылды нығайтуға аударылады;
- сотқа дейінгі кезеңде азаматтардың құқықтарын қатаң сақтауға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы репрессивтілік деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру.

 

Сілтеме:
http://zko.kyzmet.gov.kz/kk/news/zhazalau-ornyna-sybaylas-zhemkorlyktyn-aldyn-alu-keledi-1

 


Өз арамызды тазарту және жемқорлыққа қарсы тұру

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен жылы 1835 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, бұл 2016 жылға қарағанда 18%-ғакем.Жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 108 фактісі әшкереленді. 320 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Қабылданған шаралардың арқасында мемлекет қазынасына 14 миллиардқа жуық теңге қайтарылды.
Бұл туралы 31 қаңтар күні Агенттік төрағасы А.Шпекбаев ведомствоның кеңейтілген алқасында мәлімдеді.
Оның айтуынша мұнда Агенттіктің соңғы үш жылдағы қызметі айтарлықтай әсер еткен.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттын сапалы жүзеге асырудың негізгі шарттарының бірі мемлекеттік аппараттың тазалығы болып табылады.
Алик Шпекбаев атап өткендей, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды сақтап қалу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігіне байланысты.
Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне шетелдік компаниялардың қызметіне  тексеруші органдардың заңсыз араласуына жол бермеу тапсырылған.
«Әрқайсымыз күнделікті жұмыста жемқор сыбайлас жемқорлықпен күресуге моральдық құқығы болмайтындығына, тіпті, басқаларды жемқорлықпен күресуге оқытуға құқығы жоқ екендігіне сенімді болуымыз керек. 
Ішкі жемқорлықтың әрбір фактісі тиісті қылмыстық-құқықтық салдарымен кеңінен жариялануы қажет» - деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төрағасы. 

 

Сілтеме:
http://zko.kyzmet.gov.kz/kk/news/oz-aramyzdy-tazartu-zhne-zhemkorlykka-karsy-turu-1


 

 


«Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын бекіту туралы

Жүктеу: «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы

«Парасыз болашаққа. Бірге!» форумы


Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігі басшылығының табысы туралы ақпарат


Лауазым атауы

Аты-жөні

2015 ж.жылдық табысы, тенге

Аудан әкімі

Халелов Алдияр Сансызбаевич

5423427

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 



Сенім тeлефоны 

Бөрлі ауданы әкімі аппаратының 20-3-68 нөмірі сенім тeлефоны арқылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды бұзу фактілеріне жол берген мемлекеттік қызметшілер туралы ақпаратты хабарлай алатындықтарыңызды хабарлайды.

 


 

Кеңес беру орталығы

 

Жүктеу: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ