1. Діннің, діни догмалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.
  2. Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік және басқару органдарын мойындамайтын ұйғарымдардың болуы.
  3. Діни алауыздық немесе араздық тудыратын, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін  ұйғарымдардың болуы.
  4. Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, «мазхабтарды» (исламдағы діни мектептерді) теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын сыни түрде қабылдамау.
  5. Адамдарды шынайы діндар, діннен безгендер немесе адасқандар деп бөлу.
  6. Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мойындамау, оларды ұстанудан үзілді-кесілді түрде бас тартуға шақыру.
  7. Діндарлардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға баруын, теледидар, әсіресе ойын-сауық және музыкалық бағдарламалар мен хабарларды қарауын шектеу.
  8. Әйелдердің киім үлгісін таңдау еркіндігін шектеу немесе әйелдерді, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды анық көрінетін діни киімді немесе басқа елдер мен халықтарға тән киімді киюге мәжбүрлеу.
  9. Діни талаптар мен рәсімдер бойынша некеге тұру және некені бұзу ұйғарымы.
  10. Ұлттық тілге және мәдениетке нұқсан келтіретін өзгеше сөйлемдерді, сөздерді, сленгтерді қолдану ұйғарымы.
  11. Ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазіргі заманғы талаптарға нұқсан келтіретін өзгеше түрге ие болу және өзгеше киім кию ұйғарымы:

Ер адамдар үшін:
- күтім көрмеген, бей-берекет өсірілген сақал. Мұрт қырып тасталады;
- тобықтан төмен түспейтін, кең пішімді қысқартылған шалбар (дене пішінін анық көрсететін киім үлгісіне тыйым салынады).
Әйел адамдар үшін:
- Денені толығымен немесе толық дерлік жабатын кең үлгідегі киім (паранджа, бурка, чадра, химар, хиджаб). Көбінесе қара түсті немесе басқа да қараға жақын түстер (қара-қоңыр, қара-көк, сұр).


Ескерсең қорғаласың

Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алу

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу - жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену- жер заңнамасы саласындағы бұзушылықтар түрлерінің бірі. (ҚР Жер кодексінің 12-бабының 27-тармақшасы)

Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. (ҚР Жер кодексінің 43-бабының 10-тармақшасы)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136-бабына сәйкес (жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу), мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады.

 

«Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ


Деструктивті ағымдар - қоғам дерті

Діни білімді елде алған дұрыс

Зайырлы заңнамалармен реттелгені жөн

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың ІІ республикалық имамдар форумындағы баяндамасы (Астана қаласы, 24.04.2017 ж.)

Баспасөз хабарламасы: Қазақстанда Дін саласындағы мемлекттік саясаттың тұжырымдамасы бекітілді



Жүктеу: Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама