«Электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламасын іске асыру аясында олар үшін қолайлы нысанда, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алуға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланумен осы операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін механизм құрылды. Бүгінгі күні қолданыстағы барлық электрондық қызметтер, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қабылдау «электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz ) арқылы жүргізіледі. Одан басқа ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сайты ( www.pki.gov.kz ) арқылы ЭЦҚ алуға өтінімді беруге және электрондық пошта бойынша ЭЦҚ кілтін алуға болады. ЭЦҚ алу және орнату бойынша барлық мәселелермен Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданыстағы тегін телефон желісі бойынша хабарласуға болады: 8-800-080-7777