2017 жылдың ІI тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімдігінің 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы № 34 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІI тоқсан қорытындысы бойынша 4 мекемеге тексеріс жүргізілді. Атап айтқанда: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  аудандық ветеринария бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Бөрлі ауданының (15) қала және ауылдық округ әкімі аппараттары және (12) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2017 жылдың ІI тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы-12222 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2143;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1390;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -8689.

- ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4759;
- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 797.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі: «Ветеринариялық анықтамалар беру», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру». «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру».
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.

2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімдігінің 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы № 34 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес І тоқсан қорытындысы бойынша 2 мекемеге тексеріс жүргізілді. Атап айтқанда: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,  аудандық ветеринария бөлімі.
Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Бөрлі ауданының (15) қала және ауылдық округ әкімі аппараттары және (12) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы-5903 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 848;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 620;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -4435;
- ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 386;
- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 47.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі: «Ветеринариялық анықтамалар беру», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру». «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру».
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.

 

Жүктеу:БӨРЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2016 ЖЫЛҒА ЕСЕБІ

Жүктеу: БӨРЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2016 ЖЫЛДЫҢ ІІІ ТОҚСАНЫНЫҢ ЕСЕБІ

1.Жалпы ережелер

1)  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтер аудан әкімдіктерінің дербес бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі (көрсетілетін қызметті беруші туралы толық  ақпаратты aksai-bko.gov.kz ресми сайты арқылы аудан әкімідігінің ресми сайтынан  алуға болады).
2)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген  Мемлекеттік  қызметтердің  тізіліміне сәйкес, дербес бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдіктерімен:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны -101
оның ішінде, ХҚО арқылы көрсетілетін қызметтер саны – 21
94 қызмет тегін және (немесе)  6 қызмет ақылы, 1 қызмет ақылы/тегін негізде көрсетіледі
87 қызмет электронды/қағаз нысанда және 14 қызмет электрондық нысанда көрсетіледі
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет aksai-bko.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында көрсетілген)
3)  Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою».

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz ресми сайтында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдіктерінің дербес бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдіктерімен семинарлар, кездесулер өткізілді және жергілікті баспасөз құралдарында (газет, теледидар) мақала, сұхбат, хабарламалар берілді (12).

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Аса талап етілетін рұқсат беру құжаттарын электрондық нысанда немесе ХҚО арқылы беру мақсатында «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-ЕЛ МДҚ АЖ) дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.   
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында және ақпараттық жүйелер арқылы қызметтерді (ХҚО және электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер)  көрсетуді үйрету бағытында «ҰАТ» АҚ мамандары Е-әкімдік ЭҮӨШ, ХҚО ЫАЖ, Е-лицензиялау АЖ бойынша оқытулар өткізді.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 10 дербес бөліммен және қала (1), ауылдық округ әкімдіктерімен (14) барлығы 101 қызмет түрі бойынша  37549  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның  6623 ХҚО арқылы.   

Белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 33
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны - 2, тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны - 2
Аудан әкімдігімен (дербес бөлімдер мен қала, ауылдық округ әкімдіктерімен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзуды алдын алу бойынша жүргізілген шаралар саны - 12
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің»,  конференциялардың саны – 12

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы бекіткен мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау нәтижелерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, дербес бөлімдерге және қала, ауылдық округ әкімдіктеріне баламалы түрде көрсетілетін қызметтерді көрсету барысында ХҚКО, электрондық үкімет порталы арқылы  өтініштерді қабылдап, тіркеуде мерзім бұзушылықты болдырмау жөнінде кеңестер, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірнеше рет аудан әкімдігінде және қала, ауылдық округ әкімдерімен өткізілген кеңестерде де талқыланды. 
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыт бойынша жұмыс жалғастырылуда.
        
03 наурыз 2016 жыл
Бөрлі ауданы әкімінің аппараты

 

1.Жалпы ережелер

1)  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтер аудан әкімдіктерінің дербес бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі (көрсетілетін қызметті беруші туралы толық  ақпаратты aksai-bko.gov.kz ресми сайты арқылы аудан әкімідігінің ресми сайтынан  алуға болады).

2)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген  Мемлекеттік  қызметтердің  тізіліміне сәйкес, дербес бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдіктерімен:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны -59

оның ішінде, ХҚО арқылы көрсетілетін қызметтер саны – 11

48 қызмет тегін және (немесе)  6 қызмет ақылы, 1 қызмет ақылы/тегін негізде көрсетіледі

51 қызмет электронды/қағаз нысанда және 8 қызмет электрондық нысанда көрсетіледі

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет aksai-bko.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында көрсетілген)

Есептік кезеңде орталық мемлекеттік органдармен 59 мемлекеттік қызмет стандарты, облыс әкімдігімен 59 мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді.

3)  Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою». 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz ресми сайтында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдіктерінің дербес бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдіктерімен семинарлар, кездесулер өткізілді және жергілікті баспасөз құралдарында (газет, теледидар) мақала, сұхбат, хабарламалар берілді (26). 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 

1) Аса талап етілетін рұқсат беру құжаттарын электрондық нысанда немесе ХҚО арқылы беру мақсатында «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-ЕЛ МДҚ АЖ) дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.   

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында және ақпараттық жүйелер арқылы қызметтерді (ХҚО және электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер)  көрсетуді үйрету бағытында «ҰАТ» АҚ мамандары Е-әкімдік ЭҮӨШ, ХҚО ЫАЖ, Е-лицензиялау АЖ бойынша оқытулар өткізді. 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау. 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ. 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 8 дербес бөліммен және қала (1), ауылдық округ әкімдіктерімен (14) барлығы 59 қызмет түрі бойынша  26246  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның  4498ХҚО арқылы

 

 

Белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны - 2, тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны - 2

Аудан әкімдігімен (дербес бөлімдер мен қала, ауылдық округ әкімдіктерімен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзуды алдын алу бойынша жүргізілген шаралар саны - 17

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің»,  конференциялардың саны – 9

Аудан әкімдігінің (дербес бөлімдер мен қала, ауылдық округ әкімдіктерінің) қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселері бойынша БАҚ-да сөйлеулердің саны – 17 (4- теледидарда, 13- газетте, интернет-ресурсында-5) 

3) 2014 жылдың 1 жарты жылдығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша тәртіптік кеңес хатшылығымен Бөрлі ауданының мемлекеттік органдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде кейбір мемлекеттік мекемелерде кемшіліктер анықталып, оларға түсініктеме және ескертулер берілді. Атап айтқанда Бөрлі ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінде, Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария ұсынылған тоқсандық есептері мен тіркеу кітаптарының сәйкестігінде айырмашылықтар анықталды.  

4) 2014 жылдың қазан айында «БҚО Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі тек кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын анықтау мақсатында Бөрлі ауданы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді. Қоғамдық мониторинг 8 дербес бөлімді және қала (1), ауылдық округ әкімдіктерін (14) қамтыды.   

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы бекіткен мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау нәтижелерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, дербес бөлімдерге және қала, ауылдық округ әкімдіктеріне баламалы түрде көрсетілетін қызметтерді көрсету барысында ХҚО, электрондық үкімет порталы арқылы  өтініштерді қабылдап, тіркеуде мерзім бұзушылықты болдырмау жөнінде кеңестер, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірнеше рет аудан әкімдігінде және қала, ауылдық округ әкімдерімен өткізілген кеңестерде де талқыланды. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыт бойынша жұмыс жалғастырылуда.

25 наурыз 2015 жыл