«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»


 

Жеке түлғалардынназарына!

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

     1. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

     2. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

     3. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

   4. Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу

   5. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

   6. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу

   7. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

   8. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

   9. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру

Баламалы түрде бөлім және Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетінмемлекеттік қызметтер:

1.Он сеғіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

2.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

3.Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

4.Семей ядролық сынақ полигонында ядорлық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру

5.Ұйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау

6.Аулдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

7.Жумыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

8.Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру

Бүл қызметтерді алу үшін бөлімге немесе ХҚКО-на жолығуыңыз қажет.

     «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет тікелей ХҚКО арқылы көрсетіледі.

ХҚКО мекенжайы:Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі № 121

 

БҚО Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган- «БҚО Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Орналасқан мекенжайы: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 4 ықшам ауданы,2 үй

Телефон: 8(71133)31013, 36222, 36400, 20152

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9-00 ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14-30-ға дейін. Демалыс күндері- сенбі, жексенбі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар:

1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет- Умирова Гульсара Хамидуллиевна

2. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет- Габдулова Алтын Сырымовна

3. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет- Шутаева Динара Хабибуллаевна

4. . «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік қызмет- Басимова Алмагуль Избасаровна

5. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет – Басимова Алмагуль Избасаровна

6. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет- Басимова Алмагуль Избасаровна

7. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» мемлекеттік қызмет- Басимова Алмагуль Избасаровна

8. «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау»- Есентаева Зульфия Тулегеновна

9. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет- Есентаева Зульфия Тулегеновна

10. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызмет- Есентаева Зульфия Тулегеновна

11. «Он сегіз жасқа дейiнгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет- Басимова Алмагуль Избасаровна

12. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет – Макеева Сара Нурумовна

13. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет- Макеева Сара Нурумовна

14. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет- Арыстанова Майра Хайроллиевна

15«Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет- Арыстанова Майра Хайроллиевна

16. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет – Арыстанова Майра Хайроллиевна

17. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларғақұжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет- Арыстанова Майра Хайроллиевна

18. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет- Арыстанова Майра Хайроллиевна

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының– "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:
         - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
         - жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
         - халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер,  оралмандар,  экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, көп балалы отбасылар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар) 
          - мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
      - жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ eGov.kz жаңа мобильдік қосымшасы іске қосылды

Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Орынбор көшесі, 8

Астана 010000

Қазақстан Республикасы

www.nitec.kz

                                                                                                                                                          12 наурыз 2015 жыл Астана

Қазақстандықтар үшін Электрондық үкіметтің жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болады.

eGov.kz мобильдік қосымшасы Қазақстан халқын қол созым жерде электрондық үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құрастырылған. Қосымша Android пен iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үшін қолжетімді.

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының жетекшісі Дәулет Бекмановтың сөзінше, «жаңа қосымшада 50 қызмет және «мобильдік жеке кабинет» қолжетімді. Жеке кабинетте әр азамат өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін ала алады. Ағымдағы жылдың аяғына қарай мобильдік форматқа тағы 20 жаңа қызметті ауыстыру жоспарланған».

«Мобильдік жеке кабинетте» азаматтың орналасқан жері, тұрғылықты және тіркелген мекен-жайы, заңды тұлға құрамына кіру, некеге тұру, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоқтығы, сонымен қатар қолда бар жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы және т.б. ақпараттың орналасқандығын атап айту керек.

Егер телефонда электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, азамат мекен-жай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты ала алады.

«Жаңа қосымша «Мобильдік үкімет» жобасының аясында құрастырылды. eGov.kz қосымшасы мемлекеттік органдардың қызметтерін пайдалануды ыңғайлы және жедел деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша арқылы сіз өзіңіз туралы барлық ақпаратты табасыз, керекті анықтамаға тапсырыс бересіз және белгілі бір құжатты ауыстыру қажет болғанда PUSH немесе SMS-хабарлама аласыз» - деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.      

Сонымен қатар жаңа қосымша тұрғын үйге кезек реті мен техникалық қараудан өту мерзімін қарау, лицензиялар мен чектерді тексеру, ХҚКО-на кезекке тұру және дәріханаларды іздеу сияқты сервистерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қосымша көмегімен пайдаланушылар коммуналдық қызметтерді, салықты, айыппұлдарды, баж салығын, байланыс қызметтерін төлей алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды толтыра алады.  

Естеріңізге салсақ, қызметтерді мобильдік форматқа ауыстыру Президентпен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі