Жаңалықтар

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Бөрлі ауданында Батыс Қазақстан ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындары өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Снежана Имашева мен Евгений Козлов Бөрлі ауданына болып, халықтың қамы үшін жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Салынып жатқан нысандарды бағамдап, «Конденсат» кәсіпорнынның жұмысымен көрді.

Бөрлі ауданында ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ауыл ойындары басталды. Астана қаласының 20 жылдығына арналған шараға облысымыздың 10 аймағы ауылдарынан келген спортшылар қатысуда. Төрт күнге созылатын спорттық додада оза шыққандар республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.

Елоардамыздың 20 жылдығына орай, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Астананың құрдастары» тақырыбында 1998 жылғы аудан жастарымен кездесу өтті.

Ақсайда ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ерлерді еске алу шарасы өтті.