Ақсайда құтқарушылар күніне орай өрт сөндіру бөлімдері арасында спартакиада оздырылды.

Спартакиада спорттың бес түрі бойынша, яғни волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру, асық ату, арқан тарту түрлері бойынша өтті.Спорттық тартысқа 5 команда қатысты.
Қызықты әрі тартысты өткен спартакиада нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша жеңіс тұғырына Чех қалашығының қызметкерлері көтерілді. Ал ІІ орынға «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының І-жасағы жайғасты. Үздік үштікті БҚО ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің 9-өрт сөндіру бөлімі тұйықтады.
Өрт сөндіруші әрқашан өзін жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық турнирда ұжым абыройын қорғау керек. Бұл — асырмай айтқанда өртке қарсы қызметі жауынгерінің борышы да болып келеді.