Бөрлі ауданында Қазақстан Республикасының мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына, 111-бабының 2-тармағына сәйкес өткен сайлау нәтижесі бойынша округтік сайлау комиссиясының шешімі негізінде Бөрлі аудандық мәслихатының депутаты ретінде №11 Березов сайлау округі бойынша МАХАУОВА Мәлика Кашукқызы тіркелді. Ол дауыс берушілердің 89,4 % дауысын алды. Мәлика Кашукқызы1963 жылы туған, «Project Group AGP» ЖШС-де аудармашы болып еңбек етеді.