Тұңғыш президенті күні мерекесі қарсаңында Бөрлі аудандық ішкі сітер бөліміне жаңа автокөліктер табыс етілді. Қылмыс санын азайту, дер кезінде ашу, оның алдын-алу – аудандық ішкі істер бөлімінің алдына қойылған мақсаттардың бірі. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін сөзсіз ішкі істер органдары материалдық-техникалық тұрғыдан сақадай сай болуы шарт. Бұл жолы аудандық бюджет есебінен су жаңа бес автокөліктің кілті ішкі істер бөліміне салтанатты түрде аудан әкімі А.Халеловпен  табыс етілді. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің жол полицияқызметінің басшысы Манарбек Серікқалиұлы, ішкі істер бөлімінің ардагерлері, ішкі құрамы қатысты. Аудан әкімі А.Халелов ішкі істер бөлімін құттықтап, өз сөзінде қылмыстың алдын алу мен онымен күресу көп жағдайда құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асырылатындығын, бұл ретте ауданда жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысы өзара тығыз байланыста жүргізілетіндігін, полиция қызметкерлері үшін жыл сайын тұрғын үйлер  бөлініп, қала бойынша 20 бейнекамера орнатылып, жергілікті полиция қызметі үшін қажетті техника, жиһаз сатып алынып жатқандығын атап өтті.

Атап өту керек, алдағы уақытта аудандық ішкі істер бөлімі үшін бейнетіркеуіштер сатып алу жоспарлануда. Жергілікті атқарушы органдар ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің өздерінің алдында тұрған - қылмыспен күресу, оны ашу мен оның алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты міндеттерді тиісті дәрежеде орындаулары үшін барлық шаралар жасалуда. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне табыс етілген жаңа автокөліктер осының айғағы.

Бөрлі ауданы әкімі аппаратының аға инспекторы  О.Ташимова

  • Жаңа тағайындау!

    13.12.2018 "Добавить комментарий

    Аудан әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №559–ө өкімімен Жанабай Набиевич Каналин Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметіне тағайындалды. 

    Толығырақ  
  • Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мәселесі бойынша жиналыс өтті

    13.12.2018 "Добавить комментарий

    2018 жылдың 11 желтоқсанында аудан әкімдігінің үлкен залында аудан әкімі С.Ж.Әлиевтің төрағалығымен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мәселесі бойынша жиналыс өтті.

    Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев