ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Александров ауылында су құбырының ашылу салтанаты өтті. Көптен күткен ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. «Ақсайжылуқуат» АҚ тапсырысымен 6 ай мерзім ішінде мердігер «KazConstructionGroup» компаниясымен жүргізілген жұмыстарға бөлінген қаржы көлемі 172 млн. 399 мың теңгені құрады. Ауыз сумен аудан тұрғындарын толық қамту мақсатына қаржы аудандық және республикалық бюджет есебінен бөлініп жүргізілді. Жақын арада Александров ауылымен қатар ауыз су Бөрлі ауылдық округіне де жеткізілмек. Бұл екі ауылды ауыз сумен қамту 200-ден астам ауыл тұрғындары бар ауылдық округтерді 100 % орталықтандырылған сумен қамту деңгейіне жеткізеді.

 

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті

    16.10.2018 "Добавить комментарий

    Бүгін Бөрлі әкімдігінде әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік қызметкерлер мен бюджетті мекемелердің қызметкерлері қатысты.

    Толығырақ  
  • Сана сәулеткерлерінің сәнді шеруі

    15.10.2018 "Добавить комментарий

    Бөрлі ауданында ұстаздардын төл мерекесі көлемді деңгейде, салтанатты түрде аталып өтті.

    Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев