Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 қараша күні аудандық мәдениет үйі ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» болып өтті.

Аталған жәрмеңкеге Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесінің мақсаты - аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында тұрғындарды толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру болып табылады.
Жәрмеңкенің өту барысында азаматтардың сұрақтарының басым бөлігі тұрғын-үй, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, құрылыс, жер, ауыл шаруашылығы, ветеринария бағытында болды.
Жәрмеңкеге барлығы 13 мекеме қатысты. (Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі-4, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-4, аудандық жұмыспен қамту орталығы-3, аудандық орталық аурухана - 5,аудандық білім беру бөлімі - 6, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі - 12, аудандық жер қатынастары бөлімі - 5, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі - 3, аудандық ветеринария бөлімі - 2, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ационерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бөрлі ауданы бойынша бөлімі - 7, көші қон полициясы - 3, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі - 6, Ақсай қаласы әкімінің аппараты-5) ХҚКО-ның мамандары  (Мекен жай анықтамасы, сотталмағандығы туралы анықтама және т.б.)  көрсетті.  Cонымен қатар, электронды қолтаңба және электронды қызметтер алу туралы тұрғындарға кеңес берілді.
Жәрмеңке барысында 65 қызмет алушы қатысып, барлығы 109 қызмет/кеңес көрсетілді.
Жәрмеңкеге аудан тұрғындары белсене қатысып, әрбір тұрғын өзіне қажетті қызметтер жөнінде кеңестер мен ақпараттар алды. Бөрлі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындарға «Электрондық цифрлық қолтаңба» арқылы, электрондық қызметтер көрсетті.
Мемлекеттік қызметттер көрсету бойынша видеороликтер көрсетіліп, тұрғындарға ақпараттандыру мақсатында әр түрлі салада жадынамалар таратылды.