Ауыл аймақ пен қала ішілік жолдар қарға толып, тұрғындардың қатынауына қиындық тудыратын кез келді. Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды.

Осы мәселе төңірегінде жуырда жиын өтті. Аталған жиынды аудан әкімі Алдияр Халелов төрағалық етіп, оған дербес бөлім басшылар түгелімен қатысты. Аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі комиссия отырысында сөз алған аудан басшысы, барлық жағдайға дайын болып, кез келген мәселеде дұрыс әрі шапшан шешім қабылдау қажет деп ескертті. Жол қызметінің қыс мезгіліне дайындығы туралы баяндаған аудандық ТҮКШ/ЖК және АЖ бөлімі басшысының м.а. Е.Бижанов жергілікті, облыстық, республикалық маңызы бар автожолдардың қыс мезгіліне дайындығы туралы айтып өтті.
Одан соң мінберге көтерілген Ақсай қаласы әкімінің орынбасары А.Халауедин шаһардағы жол қызметінің қыс мезгіліне дайындығын айтып өтті. Ал, жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен 2017 лғы үшінші тоөқсандағы хаттаманың орындалуы туралы аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы Р.Қайырғалиев баяндады.
Сала басшысыларына аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы ауылдық округтерге кіре беріс жолдардың уақытылы тазартылуын қатаң ескертті. Ауыл, қала ішілік жолдардың дер кезінде тазаланып тұруы да айтылды.