Бөрлі ауданының дәрігерлері Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауын талқыға салды. Басты саяси құжатта көрсетілген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуында ақ халаттылардың атқарар рөлі айтылды.

Аудандық емхананың басшысы Жұмабек Шайхиев атқарылған жұмыстарды тізбектеп, аудан әкімі Алдияр Халеловқа халықтың денсаулығын нығайту бағытындағы бірнеше мәселенің шешілуін сұрады. Елдің әл ауқаты мен тұрмыс тіршілігі денсаулық сақтау саласына тікелей байланысты. Сондықтан Президент биылғы жолдауда денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлді. Оған жергілікті атқарушы билік те мүдделі. Дегенмен Бөрлі ауданында шешілмей тұрған мәселе жоқ емес. Ауылдардағы жедел жәрдем көлігінің біразы ескі, ал Ақсу, Облавка, Утвинка, Қарашығанақ, Димитрова, Александровка ауылдарындағы медициналық пунк күрделі жөндеуді қажет етеді. Заманауи құралдармен жабдықталған аудандық емханада кадр тапшы. Түрлі дерттің алдын алу үшін шет елдерден сатып алынған жаңа технологияны меңгерген маман жоқ. Ақ халаттыларды баспанамен қамту да кезек күттірмейтін мәселе. Дегенмен бұл, жұмыс сапасынаң төмендеуіне еш кедергі болмайды. Мәселен өткен жылы ауруханаға ренген аппараты сатып алынды. Оның қуаттылығы сапалы түсірілім жасауға қауқарлы. Осы жылы ауданға отыз медициналық қызметкерлер келіп, халыққа медициналық сантиарлық көмекті жетілдіруде. Олардың арасында жалпы тәжірибедегі дәрігер, акушер генеколог пен хиругтар бар. Дәрігерлер біліктілігін арттыру курстарына өуде. Соның салдарынан бала өлімі айтарлықтай қысқарып, күрделі оталарды ауданда жасауға мүмкіндік бар. Аудандық аурухананың заменауи құрылғылармен жабдықталуы 88,7 пайызды құрайды.
Ақ халаттылар бір маманның бірнеше міндетті қатар алып жүргендігін де тілге тиек етті. Айтылған барлық мәселе аяқсыз қалмайтындығын жеткізге аудан басшысы, жақын арада шешілетіндігін уәде етті.