Ақсай қаласында инженерлік-көлік коммуникациялары мен құрылымдары туралы сенімді цифрлық мәліметтерді қалыптастыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Келесі үш жылдағы моноқаланың одан әрі дамуы үшін инфрақұрылым объектілерінің қажетті мәліметі электрондық картада көрсетіледі. Ол мамандардың айтуынша, ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын айтарлықтай жеңілдетеді және жақсартады. Аталған жобаның тиімділігі мен артықшылықтары туралы жуырда өткен жиында сала мамандары түсіндіріп берді.
«Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Тұрлыбек Мұсабаевтың сөзінше
бүгінде бұл жүйе республиканың алты өңірінде іске асуда. Ақсай бұл тізімге жетінші болып енбек. Қаланы цифрландыру жобасын облыс, аудан басшылары қолдап, мемлекеттен қаражат бөлуді қарастыруда. Интерактивті карта «Смарт-сити» тұжырымдамасының негізінде жасақталмақ. «Ақылды қала» жаңа технологияларды енгізу, құрылыс саласын қоса алғанда барлық қызмет салаларын цифрландырудан тұрады.Мамандардың пікірінше, елде жүзеге асырылатын ақпараттандыру саясатының шеңберінде Қазақстанның қазіргі кадастрлық жүйесін жетілдіру қажет. Республикалық деңгейде 35 мыңға жуық объекті туралы мәліметтері жиналды.
Бөрлі ауданында аталған деректерді цифрлау бастапқы сатыда тұр. Қала құрылысы кадастрының ақпараттық ресурстарын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс күтуде. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі «Мемқалақұрылыскадастры» мекемесімен бірлесіп қаланың электрондық картасын әзірлеу бойынша жұмысты жоспарлауда.
«Үш жыл бойы топографиялық түсірілім жүргізіледі. Бұл картаға барлық инженерлік жүйелер енгізіледі. Барлық ғимараттар да енгізіледі. Бұл ақпарат тұрғындарға қолжетімді болмақ. Бұл электронды карта мемлекеттік қызметті жақсартуға ықпал етпек. Бұл бұдан ауданның дамуын көре аламыз. Тұрғындар кез келген ғимараттың мекен жайын анықтай алады», — деп атап өтті аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Раслана Салманова.
Қаланың электрондық картасында инженерлік-коммуникациялық желілер, телекоммуникациялар жеке және заңды тұлғалар үшін тайға таңба басқандай анық көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдар дәйекті мәліметтерді ұсынған бойда жоба іске асырыла бастайды.

  • «Жастар Отанға» жобасы

    17.08.2018 "Добавить комментарий

    Ағымдағы жылдың 14 - 15 тамызында жыл сайынғы игі дәстүрге айналған "ЖАСТАР ОТАНҒА!" атты саяси жастар лагері аудандық деңгейде Бумакөл ауылында өтті.

    Толығырақ  
  • Құрметті аудан тұрғындары!

    08.08.2018 "Добавить комментарий Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев