Бөрлі ауданындағы «Глобус» театры өнегелі қойылымдармен аудан жұртшылығын қуантып жүр. Бір жыл бұрын ашылған тетр шәкірттері болашақта қазақ өнерінің өркендетуге үлес қоссам екен дейді.

Өнер саласы ішінде театрдың орны қашан да бөлек. Көрермен көңілін нұрға, жүрегін жырға бөлейтін де, қоғамның рухына дем, ішкі жан дүниесіне ем болатын да – театр сахнасы.Осыны ескерген «Глобус» театры алғашқы мерейтойларына орай, екі күн көрерменімен қауышты. Ешкімге ұқсамайтын өнер ұжымының бағыты, стилі да өзгеше. Дегенмен басты мақсат оқуыларды актерлық шеберлікке баулып, өнерге таласы бар шәкірттерді көптеп шығару. Жас ерекшелігі 5 пен 17 жас шамасындағы шәкірттер әр бір рольге жауапкершілікпен қарап, түрлі жанрдағы қойылымдарды шебер орындайды. Олар қазақ өнерін өркендетіп, сахнаның сырбазына айналуды мақсат етеді.Театр ұжымы көрерменге плагиат қойылымдар емес, тек көркемдік жетекшінің авторлық туындыларын ұсынады. Сондықтан әр туынды көрушінің жүрегінен орын алып, бірде күлдіртеді, бірде жылатады. Ал мерейтойлық қойылымның жөні тіптен бөлек. Көрермен композициялық қойылым, КТК, пантомима жанрларынан қойылымдар көріп, әсем ән мен ырғақты би тамашалады. Тіпті Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының құттықтауы да болды. Өнер ұжымы өз көрермендеріне «Бағдаршам» мюзикл концерт қойып, «Глобус» балымен қорытындылады. Театр жетістіктері аз емес. Өткен жылы Бурабай өлкесінде өткен республикалық «Ақ желең» байқауында топ жарды. Өнер қырандары желісі бойынша өзгертіліп жазылған «Періште пейіште» қойылымы көпшілікті тәнті етті. Бүгінде тұрақты көрермені бар өнер ұжымының арманы асқақ.

  • Самбо күресінен чемпионат туралы

    18.09.2018 "Добавить комментарий

    2018 жылғы 15 қыркүйегінде Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде самбо күресінен 2002-2003 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

    Толығырақ  
  • Ағылшын тілі курсы

    17.09.2018 "Добавить комментарий

    Бүгін аудан әкімдіктің кіші залында жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ағылшын тілі курсы өткізілді. Аталған курс Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай, сондай-ақ үштілділікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа байланысты ұйымдастырылды. Мемлекеттік

    ... Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев