Бөрлі ауданының орталығына Қарашығанақ кен орын жақын орналасқандықтан, ауаға шығатын зиянды қалдықтардың әсері тұрғындардың денсаулығына әсер етпей қоймайды. Сондықтан тұрғындардың денсаулығы мен экологиядағы өзгерістерді қадағалап отыру қажет. Осы мақсатта Ақсай қаласына Ақтөбе қалалық Марат Оспанов атындағы мемлекеттік университетінің білікті дәрігерлері келді.

«Қоршаған ортаның зиянды факторларының адам денсаулығына әсері» бағдарламасы негізінде келген дәрігерлер арасында жиырма маман бар. Олардың қатарында невролог, лор, стамотолог, хирург, эндекренолог, гастроэнтеролог, кордиолог, терапевт пен акушер гинеколог дәрігерлер бар. Мамандардың дені жоғары санатты дәрігерлер мен медицина ғылымдарының доктор, доценттері. Бұл тексерістің негізгі мақсаты, денспансерлік тіркеуде тұрмаған 18-50 жас аралығындағы тұрғындарыдың денсаулық жағдайын бағалау болып табылады. Сонымен бірге гигиналық жағынан тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізу. Ауруларды алдын ала анықтау .Жалпы бұл тексерістер үш жыл бойы жүргізіліп, тұрғындар арасында белең алған ауруды анықтап, медициналық кеңес беріледі. Аталған тексерістер Ақтөбе облысында орналасқан мұнай өнеркәсібі бар аудандарда да жүргізген. Шара барысында зеріттеу протоколы бойынша клиникалық және гормон өзгерістеріне сараптама алынады. Ал сараптама қорытындысы Москва қаласына жасалатын болады.
Сонымен қатар Ақсай қаласы мен Березовка ауылы аймағындағы ауадан, топырақтан сынамалар алынды. Атмосфералық ауаны анықтау мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Дүйсенбіден басталған тексеріс, осы жұманың аяғына дейін тегін жүргізіледі.