Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутататры Аманжан Жамалов пен Сапархан Омаров Бөрлі ауданы активімен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде сайлаушылар халық қалаулыларына толғандырған сұрақтар қойып, мардымды жауап алды.

Бұл жолғы кездесуге «Президенттің әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған Бес әлеуметтік бастамасы» түрткі болды. Депутатттар Үндеуде айтылғын бес бағыттың маңыздылығына тоқталып, ағы бір тоқталып өтті.
Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заңдарды халыққа хабардар етіп отыру маңызды, деген депутаттар бүгінде парламенттің өкілеттілігі кеңейгенін айтты.
Жалпы, басқосуда елдегі экономикалық, саяси өзгерістері мен рухани сананы түбегейлі өзгерткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында да айтылды. Одан өзге депутатар мемлкекеттік бағдарламалардың орындалуын, ел игілігі үшін жасалған мардымды істерді саралады. Депутаттар тұрғындардың тілегін тыңдап, шаруалар мен кәсіпкерлердің мәселелеріне мән берді. Мәжіліс депутаттары өңірлерге жасаған сапарларынан кейін, халықтың талап тілектері ескеріліп, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларымен жұмыс бастайтындықтарын жеткізді. Сондықтан әр пікірдің маңызы зор. Өйткені, Президенттің тапсырмасын сапалы орындау — басты мақсат.
Халық қалалулылыры моноқаладағы өткен жылы атқарылған жарқын істерге оң бағаларын берді. Қойнауы қазынаға толы Бөрлі ауданының дамуы үшін атқарылған жұмыстың барлығы елдегі тұрақтылықтың арқасында, деді депутатар. Сондықтан мәжілісмендер еліміздің дамуы үшін бірлесіп жасар жұмыс көп екендін ескертті. Жалпы, жұмыс сапары халықтың мұң мұқтажымен танысып, оларды шешуге оң ықпалын тигізбек.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті

    16.10.2018 "Добавить комментарий

    Бүгін Бөрлі әкімдігінде әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік қызметкерлер мен бюджетті мекемелердің қызметкерлері қатысты.

    Толығырақ  
  • Сана сәулеткерлерінің сәнді шеруі

    15.10.2018 "Добавить комментарий

    Бөрлі ауданында ұстаздардын төл мерекесі көлемді деңгейде, салтанатты түрде аталып өтті.

    Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев