Қазіргі таңда елімізде өндірістік еңбекті арттыру жұмысшы мамандарын, оқыту үрдісіндегі технологияларды жақсарту, кәсіби жұмысшылардың беделін көтеру, әр тұлғаның әлеуеті мен дара қасиетін ашу сияқты білім мен тәрбие берудің маңызды міндеттерін жүктейтін «WorldSkills Kazakhstan» жобасы қолға алынып, жоба бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді.

Әлемде «WorldSkills» ассоциациясы 1946 жылы құрылып, бүгінгі таңда ассоциация құрамына 72 мемлекет кіреді, Қазақстан «WorldSkills» қозғалысына 2014 жылы қабылданып, еліміздің техникалық және кәсіптік білім имиджінің көтерілуіне оң ықпалынтигізетін, әлемдік білім кеңістігіне нақты қадам жасады.
Ақсай қаласында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «WorldSkills Kazakstan» облыстық кәсіби шеберлік біріншілігі басталды. Өңірлік чемпионат жыл сайын ақпан-наурыз айларында Қазақстанның барлық өңірлерінде 18-22 жас аралығындағы колледж студенттері мен білікті жұмысшылар арасында екі күн бойы өткізіліп келеді. Аталған чемпионатқа қатысу үшін өз қатысу өтінімдері бойынша облысымыздың жеті коллджінен қатысушы келді. Электрик мамандығы бойынша білім алып жатқан жеті студент өз біліктіліктерін байқауда көрсететін болады.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті

    16.10.2018 "Добавить комментарий

    Бүгін Бөрлі әкімдігінде әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік қызметкерлер мен бюджетті мекемелердің қызметкерлері қатысты.

    Толығырақ  
  • Сана сәулеткерлерінің сәнді шеруі

    15.10.2018 "Добавить комментарий

    Бөрлі ауданында ұстаздардын төл мерекесі көлемді деңгейде, салтанатты түрде аталып өтті.

    Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев