Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық «Арнайы мониторинг тобының» мүшелері жұмыс сапарымен Бөрлі ауданында болды.

Республикалық арнайы мониториг топ жетекшісі Айгүл Соловьева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин, «САНДЖ» зеріттеу орталығының директорығ топ мүшесі Жанар Жандосовалар аудандағы xалық көп шоғырланатын мекемелерді аралап, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін бағалады. Салынып жатқан нысандарда болып, құрылыс сапасын бақылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және бағалауды жүзеге асыру жөніндегі республикалық мониторингтік топ алдымен Бөрлі ауылына табан тіреді. Былтыр күрделі жөндеуден өткен ауылдық Мәдениет үйіне бас сұғып, құны 392 млн.теңгеге салынып жатқан денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысымен және ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында орналасқан E-gov өзі өзіне қызмет ету бұрышымен танысты.
-Қазақстанны барлық елдерін аралап, аудан, ауыл тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік қызметтің сапасы қандай деңгейде, жасалып жатқан жұмыстар қандай деңгейде, осының барлығын біліу біздің басты мақсатымыз. Батыс Қазақстан облысына үш күндік сапарымызда Бөрлі ауданындағы бірнеше нысанмен таныстық. Жалпы көңіл толарлық біраз жұмыстарды көз көрді. Агенттікте 27 ақпаннан бастап «қоғамдық бақылау картасы» деген үлкен жоба іске қосылды. Бұл дер кезінде заңсыздықты жойып, құрылыстың сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ондағы мақсат үкіметтің бөлінген қаражатын талаң таражға тұсірмей, тиімді, қолдану, пайдалануды бақылау біздің міндетіміз- деді, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры А.Бердалин.
Қоғам белсенділері мен қоғам қайраткерлері, тәуелсіз сарапшылардан құрылған топ жұмыс барысын одан әрі Ақсай қаласында жалғастырды. Аудандық емхананы аралап, амбулаторлық картаның электронды жүйеге көшірілуін бағалады. Топ мүшелерінің айтуынша өткен жылдармен салыстырғанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы едәуір артқан. Мұндай нәтижеге барлық саланы цифрландырудың арқасында қол жетіп отыр. Мәселен елімізде көрсетілетін 746 мем қызмет түрі болса, қазірде 60 пайызы электрондық портал арқылы қол жетімді болып отыр. Бүгінде бір жапырақ құжатқа бола шалғайдағы ауылдан аудан орталығына жүгіретін ағайын осы қызметтің барлығын 10-15 минуттың ішінде үйінен шықпай ақ ала алады.
Арнайы топ КПО компаниясының жұмысшыларымен кездесіп, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Артынша аудан активімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілердің әдебіне байлансты және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барша халыққа қол жетімділігін арттуру қажеттілігі сөз болды.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті

    16.10.2018 "Добавить комментарий

    Бүгін Бөрлі әкімдігінде әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік қызметкерлер мен бюджетті мекемелердің қызметкерлері қатысты.

    Толығырақ  
  • Сана сәулеткерлерінің сәнді шеруі

    15.10.2018 "Добавить комментарий

    Бөрлі ауданында ұстаздардын төл мерекесі көлемді деңгейде, салтанатты түрде аталып өтті.

    Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев