«Кітаппен бірге – жарқын болашаққа» атты Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты қалалық кітапханалар сынға түскен библиобаттл өтті.

— Бұл шара Батыс Қазақстан облысы бойынша жаңадан ашылып жатырған жоба. Осы жобаны біз бастап жатқанымызға қуаныштымын. Бұл жерден негізінен кітапханашылардың кітапты қаншалықты көп оқитыны, кітап әлемін қаншалықты көп білетіні сынға түседі. Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды, сонымен бірге әділ қазылар алқасы да сұрақтар қояды. Сонан соң прозадан, поэззиядар әртүрлі көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салады. Қалай болғанда да негізінен кітапты насихаттау бағытында, мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл жаңа жоба болғандықтан, эстафетаны басқа аудандар жалғастырады деп сенеміз, — дейді орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Дариға Нұрашева.
Әділ қазылар алқасының шешімінше екі жақ та жақсы, жоғары деңгейде дайындалған, сол себепті «достық» жеңді!

  • Бөрлі ауданында 2018 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

    17.01.2019 "Добавить комментарий Толығырақ  
  • Бөрлі музейінің заманауи үлгідегі экспозициясының ашылуы

    04.01.2019 "Добавить комментарий

    2019 жылдың 3 қаңтары күні Қарашығанақ мұнайгаз конденсатты кен орны бар Бөрлі ауданда қайнаған еңбектен, көп ұлтты тұрғындардың тыныс-тіршілігінен, тұрмысынан, салт-дәстүрінен, әдет -  ғұрпынан  хабар беретін  Бөрлі тарихи-өлкетану музейінің заманауи үлгідегі

    ... Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев