«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылдың 1 маусымынан бастап халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында тегін курстар өткізілетіндігін хабарлайды.
Цифрлық сауаттылықты арттыру курстары 1 – 8 маусым, 25 маусым – 4 шілде аралығында №4 орта мектепте, 12 – 29 маусым аралығында №1 орта мектепте ұйымдастырылады.
Курстың ұзақтығы 1 күн – 8 сағат, басталу уақыты: 09.00.
Цифрлық сауаттылыққа оқыту мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 20-832, 21-132, 30-322.
Бөрлі ауданы әкімінің аппараты