Елоардамыздың 20 жылдығына орай, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Астананың құрдастары» тақырыбында 1998 жылғы аудан жастарымен кездесу өтті.

— Елордамыз Астана қаласының туған күніне орай ауданымызда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – күні кеше өткен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және алтын еріктілеріміздің қолдауымен, бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында флешмоб өткізілді. Мұндағы басты мақсат – астананы туған күнімен Бөрлі жастарының атынан шын жүректен құттықтап, ыстық лебіздерін білдіру. Сонымен қатар еріктілер қайырымдылық акция ұйымдастырған болатын. Ауданымыздың тазалығына үлес қосып жүрген, көшеде жүрген жұмысшыларымызға салқын су және бірқатар азық-түлік табыстаған болатын. Сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы жоқ , қиын жағдайға тап болған тұрғындарға тегін азық-түлік таратылған болатын. Астана қаласына орай шаралар жалғасын табуда. Соның бірі бүгін өтіп жатырған шара, яғни Астананың құрдастарымен кездесу өткізіп жатырмыз. 20 жас 20 жылдығына орай семинар-тренингтар өтіп, естелік сыйлықтар табыстаймыз, — дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Толқын Ахметова.

Қатаң дөңгелек үстелдегі семинармен шектелмей, еркін тақырыпта әңгіме айтып, ресурстық орталықтың психологы Ботагөз Байқадамова тренингтар өткізді.Бұл аталмыш шараға он бес шақты жас қатысты.

  • "Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру"

    16.11.2018 "Добавить комментарий

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Бөрлі ауданы әкімінің аппаратынын және "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың

    ... Толығырақ  
  • Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою жұмыстары

    16.11.2018 "Добавить комментарий

    «Бөрлі ауданының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Сізге Ақсай қаласы бойынша 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2018 жылғы 30 қыркүйегі  аралығында қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою жұмыстары төменде көрсетілген аумақтар бойынша жүргізілгені туралы мәлімдейді.

    Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев