Жоба

 

 

 

 

Ақсай қаласы

 

Ақсай қаласында көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген
орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда  қызметін  реттеу  туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгіленсін.
  2. Көшпелі сауда автодүкендерде немесе шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылсын.
  3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бөрлі аудандық   Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) көшпелі  сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарда санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптардың сақталуын бақылау ұсынылсын.
  4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Бөрлі аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) бөлінген орындардан тыс жерлерде саудаға жол берілмеуін бақылау ұсынылсын.
  5. «Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Утегеновке жүктелсін.
  8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          Аудан әкімі                                                                                                            А. Халелов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
Министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Бөрлі аудандық Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________ Г. Кереева 
«____» _____________ 2017 жыл

                                          

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті
«Бөрлі аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,  
полиция подполковнигі
_______________________ А. Мухамедьяров
«____» ____________ 2017 жыл

                                  

 

 

 

 

 

 

 

    Бөрлі ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «___»_________
№_____ қаулысына
қосымша

 

Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындар

Көшпелі сауда орындары

1.

4 ықшам аудан, № 14 үйдің алды

2.

4 ықшам аудан, № 17 үйдің алды

3.

4 ықшам аудан, Сырым Датов пен Дружба Народов көшелерінің қиылысы

4.

4 ықшам аудан, «Генерал  Ғ.Жәңгіров» атындағы қалалық демалыс саябағының алды

5.

5 ықшам аудан,  № 24 үйдің алды

6.

5 ықшам аудан, «Наурыз» желекжолы алаңы

7.

10 ықшам аудан, №  2 үйдің алды

8.

10 ықшам аудан, № 10 үйдің алды

9.

10 ықшам аудан, № 12 үйдің алды

10.

10 ықшам аудан, Дружба Народов көшесі, автобус аялдамасының жаны

11.

Дружба Народов көшесі, № 1/8 А ғимаратының алды

12.

Дружба Народов көшесі, автобус аялдамасының жаны, Қызылталға кірер жолда

13.

Дружба Народов көшесі, № 20 үйдің алды

14.

Дружба Народов көшесі, № 23 үйдің алды

15.

Дружба Народов көшесі, № 27 үйдің алды

16.

Дружба Народов көшесі мен «Наурыз» желекжолының қиылысы

17.

Дружба Народов және Молодежная көшелерінің қиылысында

18.

Молодежная көшесі, автобекет аймағындағы автобус аялдамасының жаны

19.

Сырым Датов көшесі , № 1 үйдің алды

20.

Сырым Датов көшесі, № 2 үйдің алды

21.

Цвилинг көшесі, «Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті  Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі» ғимаратына қарсы

22.

Советская мен Арыстанова көшелерінің қиылысы, № 93 үйдің алды

23.

Советская көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы автобус аялдамасының жаны

24.

Советская және Садовая көшелерінің қиылысы

25.

Линейная көшесі, «Қазақстан» станциясының теміржол вокзалының алаңы

26.

Южно-объездная көшесі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының аймағында

27.

Ихсанов көшесі, «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №1 мектеп-балабақша кешені» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі аялдамасының аймағында

28.

Комсомольская  мен Алексеева көшелерінің қиылысы

29.

Южно-объездная мен Кооперативная көшелерінің қиылысы, № 2/2 ғимаратының алды

30.

Қызылтал, Ақсай көшесі,№ 34 ғимаратының алды