Бөрлі ауданы әкімдігінің
«2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы»
ҚАУЛЫ  ЖОБАСЫ

 

Ақсай қаласы

 

2018 жылға егіс жұмыстардың
басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімді шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Бексеитов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Аудан әкімдігінің «2017 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 26 сәуірдегі №346 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Каналинге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                  А.Халелов

 

 

                                                              Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «__» _____№ ___                                                                                                                  
қаулысына қосымша  

 

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға
егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдер

3  құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1.

Жаздық арпа

25 сәуір

5 мамыр

2.

Сұлы

25 сәуір

5 мамыр

3.

Жаздық бидай

10 мамыр

25 мамыр

4.

Тары

20 мамыр

25 мамыр

5.

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

6.

Мақсары

10 мамыр

25 мамыр

7.

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек