Жоба

 

Ақсай қаласы

  

Ақсай қаласында көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген
орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда  қызметін  реттеу  туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгіленсін.

2. Көшпелі сауда автодүкендерде немесе шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Бөрлі аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) бөлінген орындардан тыс жерлерде саудаға жол берілмеуін бақылау ұсынылсын.
4.«Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Каналинге жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          Аудан әкімі                                                                                                                    А. Халелов

 

                                  
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті
Бөрлі аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,  
полиция подполковнигі
_______________________ Д.Утегулов
«____» ____________ 2018  жыл

                                  

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___»_________        
№_____ қаулысына
қосымша

 

Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындар

Көшпелі сауда орындары

1.

Абай даңғылы, «Ақсай қаласы әкімдігі аппараты» мемлекеттік мекемесінің оң жағындағы айналма жол учаскесі

2

Оңтүстік айналым көлік жолының  Кентүбек ауылдық округінің бұрылысы  жанындағы учаске