Жоба

 

 

 

Ақсай қаласы

 

 

Бөрлі ауданы бойынша 2019 жылы

мүгедектерді және жекелеген санаттағы

азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін

жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес,  аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Ұйымдарға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншігіне байланыссыз:

осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөрлі ауданының ұйымдары жұмысшыларының тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде;

осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөрлі ауданының ұйымдары жұмысшыларының тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде;

осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Бөрлі ауданының ұйымдары жұмысшыларының тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде;

осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін Бөрлі ауданының ұйымдардағы жұмыс орындарының, ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде екі пайыздан төрт пайызға дейін мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2.       Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы №486 «Бөрлі ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сонымен қатар,  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4533 тіркелген, 2016 жылғы 07 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2017 жылғы 11 қаңтардағы №1 «Бөрлі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4678 тіркелген, 2017 жылғы 21 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3.       Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4.                Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа  жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он қүнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

                       Аудан әкімі                                             С.Әлиев

 

 

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___»  _______
№ ___қаулысына

1 қосымша

 

2019 жылы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квотаның мөлшері (жұмысшылар санынан % )

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындардың саны

1

Шаруашылық жүргізу құқығында Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 312

2

6

2

«МКС Мультикатеринг Казакстан Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 529

2

10

 

Барлығы

 

 

16

 

 

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___»  ____
№ ___қаулысына

2 қосымша

 

2019 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квотаның мөлшері (жұмысшылар санынан % )

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындардың саны

1

Шаруашылық жүргізу құқығында Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны  

 312

2

6

2

«МКС Мультикатеринг Казакстан Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 529

2

10

 

 

Барлығы

 

 

16

 



 

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___»  ____
№ ___қаулысына

3 қосымша

 

2019 жылы кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квотаның мөлшері (жұмысшылар санынан % )

Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар

үшін жұмыс орындардың саны

1

«Казбургаз» акционерлік қоғамы

371

1

3

2

«Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

1

1

 3

Шаруашылық жүргізу құқығында Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны  

 312

1

3

        Барлығы 

 7

 

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___»  ____
№ ___қаулысына

                      4 қосымша

 

2019 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квотаның мөлшері (жұмысшылар санынан % )

 Мүгедектер үшін жұмыс орындардың саны

1

 Шаруашылық жүргізу құқығында Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны  

 312

4

12

2

«Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

2

1

3

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

678

4

27

4

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Ақсай қаласының  1 мектеп-балабақша кешені»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

160

3

4

 5

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

79

2

1

 

Барлығы

 

 

45