Жоба

Бөрлі ауданы әкімінің

2014 жылғы 17 наурыздағы

№9 шешіміне «Бөрлі ауданы аумағында

сайлау учаскелерін құру туралы»

өзгерістер мен толықтыру енгізу тіралы 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №233-ө «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березовка және Бестау ауылдарының тұрғындарын көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» өкіміне негізінде және Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 1. Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3506 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Бөрлі Жаршысы - Бурлинские Вести" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Бөрлі ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:

№81 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

«№81 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекарасы: Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданының №2, №3, №4, №7, №9, №10, №11, №12, №13, №15, №16/1, №28, №29 тұрғын үйлері, №16, №17 жеке тұрғын үйлері, Абай даңғылындағы №29 үйден №45/1 үйге дейін үйлері, Қарашығанақ -1 ықшамаудандағы үйлер.»

№91 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

«№ 91 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Қызылтал ауылы, Ақсай көшесі, 34 үй, ауылдық клубтың ғимараты.

Шекарасы:  Қызылтал ауылы, Акселен көшесінің № 1 - 63 (тақ жағы), №2 - 60 (жұп жағы) үйлері, Ақсуат, Аққұм, Ақбулак, Ақжайық, Ақсай, Бейбітшілік, Бота, Бақтыбаева, Жеңіс, Желтоқсан, Жаңа, Сайқұдық, Сырыс, Самал, Солтүстік, Кұрылысшы, Школьная, Наурыз,  Тереңсай, Шалқар, Шыңғырлау, Қызылтал,      Қарашығанақ, Строительная 2, Строительная 3 көшелеріндегі үйлер.»

2. Аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Бөрлі ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегіне 00 сайлай учаскесімен мынадай мазмұндағы толықтырылсын:

«№ 92 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарашығанақ" спорт кешені  мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекарасы: Ақсай қаласының  Строительная 1, Строительная 4, Акселен көшесінің №65 - 156 (тақ жағы), №62 - 135 (жұп жағы) үйлері, Мирогородская, Солтустик, Акжайык, Строительная 4 көшелеріндегі, Сулусай разъезі,  13 ықшамауданындағы  үйлер.»

3. №97 және №92 сайлау учаскелері таратылсын.

4. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Агедиловқа жүктелсін.

6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


                            Аудан әкімі                                    Ж.Әлиев

 

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Ж .Каналин

___________ 2018 ж.